00:00
Астана -10oC
USD:
441.44
EUR:
473.09
RUB:
4.75
Іздеу

Еркін күрестен республикалық «Жас палуан» турнирі өтіп жатыр

11.11.2023 | 08:02
26
Фото: Автордан

Еркін күрестен алғаш рет жасөспірімдер арасында республикалық «Жас палуан» жарысының финалдық кезеңі басталды, деп хабарлады Elorda info

10-12 қараша күндері аралығында «Aspan» спорт кешенінде өтіп жатқан бәсекеге Атырау, Қонаев, Тараз, Петропавл және Павлодар өңірінде ұйымдастырылған іріктеу кезеңдеріндегі жүлдегерлер ғана қатысып жатыр. 

Турнирдің ашылу салтанатына Астана қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысының міндетін атқарушы Еркеғали Корбозов, еркін және әйелдер күресінен мемлекеттік жаттықтырушы Дастан Қанатқанов, ерлер арасында әлем чемпионатының  күміс жүлдегері Нұрлан Бекжанов, ҚР Туризм және Спорт министрлігінің өкілі Мұратбек Қыпшақбаев қатысып, боз кілем шеберлеріне сәттілік тіледі. 

 2009-2010 жылы өмірге келген балуандар үшін бұл ерекше дода. Өйткені олар келесі жылы бірінші рет ел чемпионатында бақ сынайды. Жасөспірімдерге ересектер секілді 3 бозкілем, әр белдесуді камераға түсіріп жатырмыз. Бұл әрекетіміз палуандарға жанып кетпей, ересектер арасына өтуіне  психологиялық тұрғыдан жеңіл тиеді деп, сенемін, - деді жарыс ұйымдастырушысы Асқар Қайратұлы.

Ұлдар 38, 41, 44, 48, 52, 57, 62, 68, 75,+75 келіде сынға түссе, қыздар 33, 36, 39, 42, 46, 50, 54, 58, 62, 66 келіде жүлдеге таласады.

Жас балуандар белдесуіне, ұлдар арасында  117 спортшы күресуде. Олардың ішінде Атырау облысы, мен Павлодар облысы әрқайсысы 24 өкілін жарысқа қосқан. 

Ал қыздар 10 салмақта күрессе де, небәрі 37  балуан бақ сынауда. Оның басым бөлігі — Солтүстік Қазақстан облысының спортшылары. (16 спортшы) Қалған 21 қатысушы еліміздің әр аймақтарынан келген.

Қанат БАЙҰЗАҚОВ

Барлық жаңалықтар