00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

Елордада жеңіл атлетикадан өтетін турнирге үш елден спортшылар қатысады

19.01.2024 | 06:30
49
Фото: дереккөз

Турнирдің мақсаты – жеңіл атлетиканы насихаттау, бұқаралық спорт түрлерін дамыту және халық арасында салауатты өмір салтын ұстануға шақыру.

Жарысқа 1000 м, 1 миль, 2000 м, 3000 м жүгіру, эстафеталық жүгіру (микст) және нокаут жарысы сияқты түрлері кіреді.

Оған қатысуға Қазақстан, Ресей және  Ұлыбритания сияқты елдердің 23 желаяқ клубынан 120-дан астам әуесқой спортшы өтінім берді.

Сондай-ақ, жарысқа зияткерлік даму ерекшеліктері бар адамдарға арналған спорт федерациясының командасы қатысады.

Турнирдің ашылу салтанаты сағат 9.45-те өтеді, ары қарай жарыс басталады.

Барлық жаңалықтар