00:00
Астана -10oC
USD:
444.14
EUR:
477.05
RUB:
4.85
Іздеу

Елордада жасөспірімдер және жастар арасындағы Азия чемпионаты басталды

24.10.2023 | 06:00
60
Фото: Аян Аманбаев

Астанада алғаш рет бокстан жасөспірімдер және жастар арасындағы Азия чемпионаты басталды, деп хабарлады Elorda info.

3 қарашаға дейін созылатын байрақты бәсекеде сары құрлықтың 23 елінен 450-ге жуық жас спортшы  Азия чемпионы атағына таласады. Олардың қатарында Өзбекстан, Қытай Тайпейі, Жапония, Филиппин, Гонконг, Оңтүстік Корея, Моңғолия, Иран, Қырғызстан, Үндістан, Вьетнам, Таиланд, Біріккен Араб Әмірліктері, Тәжікстан, Түркіменстан, Палестина, Пәкістан, Йемен, Ирак, Иордания, Кувейт, Малайзия және Қазақстан мемлекеттері бар.

Турнирдің ашылу салтанатына ҚР Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев, IBA Халықаралық бокс қауымдастығының президенті Умар Кремлёв, Қазақстан бокс федерациясының президенті Кеңес Рақышев, Азия бокс қауымдастығының бас хатшысы Али Саламех қатысты. 

Бұл шара ең алдымен туризм мен спорт саласының дамуына ерекше серпін береді. Көптеген спорт шеберлерін тудырған қазақ даласында бокс әрқашан бағаланған. Өздеріңізге белгілі, бізде Олимпиада және әлем чемпиондары шыққан үлкен бокс мектебі бар. Осы күнге дейін жерлестеріміз Олимпиаданың 7 алтын, 7 күміс, 10 қоласын иеленіп, 3 мәрте «Вэл Баркер» кубогы атағын алды.Ол боксшылар да осындай кішкентай кезінен бастап, жасөспірімдер, жастар арасындағы жарыстарға қатысқан. Соңғы 5 жылда жас спортшыларымыз әлем чемпионатында 6 алтын, 10 күміс, 11 күміс алды. Бүгінде бокспен 100 мыңға жуық балалар айналысады. Осындай турнирлер жастарымызға шеберліктерін шыңдап, тәжірибе алмасуға керемет мүмкіндік. Шын мықтылар жеңіс тұғырынан көрінсін! — деді, ҚР Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев.

Айта кетейік, жарыс 3 қарашаға дейін созылады. Бокс бәсекесін ASBC YouTube каналында тікелей эфирден көруге болады.  

Қанат БАЙҰЗАҚОВ

Барлық жаңалықтар