00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Елордада Жақсылық Үшкемпіров атындағы турнир өтеді

06.03.2024 | 03:30
53
фото: egemen.kz

Ұйымдастырушылардың айтуынша, байрақты бәсекеде әлемнің ең үздік бозкілем шеберлері 10 салмақ дәрежесінде сынға түспек.

Айтулы дода Туризм және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті, Грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының және елордалық әкімдікітің ұйымдастыруымен Астана қаласында төртінші рет өткелі жатыр. Дәстүрлі халықаралық турнирде 20 жасқа дейінгі балуандар мына салмақ дәрежесінде бақ сынайды: 55 кг, 60 кг, 63 кг, 67 кг, 72 кг, 77 кг, 82 кг, 87 кг, 97 кг және 30 келі салмақта.

Турнирге Қазақстан, Бельгия, Әзербайжан, Хорватия, Қырғызстан, Өзбекстан, Сауд Арабиясы, Ресей, Украина және Тәжікстан спортшылары қатысады деп күтіліп отыр.

Айта кетейік, турнир Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында өтеді.

Барлық жаңалықтар