00:00
Астана -10oC
USD:
441.44
EUR:
473.09
RUB:
4.75
Іздеу

Елордада спорттық құзға өрмелеуден қалалық фестиваль өтті

08.11.2023 | 08:00
31
Фото: дереккөз

Астана қаласы Спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясының ұйымдастыруымен спорттық құзға өрмелеуден қалалық фестиваль өтті, деп хабарлады Elorda.info

Жарысқа Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасы мен оның ведомстволық бағынысты мекемелерінің қызметкерлері, жаттықтырушылары қатысты.  

Шараның ашылу салтанатына қатысқан Дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Еркеғали Корбозов жарыс қатысушыларына сәттілік тілеп, жылы лебізін білдірді. 

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мерекелік шара алдымен қызметкерлерді спортқа тарту мақсатында және спорттық құзға шығу арқылы физикалық белсенділіктерін арттыруға арналған. 

Бүгінгі таңда құзға өрмелеу елімізде спорттық белсенді демалыстың қарқынды дамып келе жатқан түрі ретінде танылуда. Бұл іс-шараның басты мақсаты мекеме қызметкерлері арасында салауатты өмір салтын насихаттау, әріптестермен кәсіби байланысты кеңейту арқылы спортпен шұғылдану үшін спорттық даярлықтың маңызды шарты екенін түсіндіру. Бұл спорт түрі ептілікті, төзімділікті, қозғалыстарды үйлестіруді және логикалық ойлауды дамытады. Сондай-ақ, жарақаттану қаупі төмен және физиологиялық, яғни ағзаға ыңғайлы. 

Қалалық біріншілік ерлер мен әйелдер арасында жас ерекшелігіне байланысты бірнеше санаттар бойынша ұйымдастырылды. Атап айтқанда, жылдамдық, жолдарды сынау, қиындық секілді түрлері бойынша, - дейді Дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз хатшысы Мәдина Айтқалиева. 

Айта кету керек, фестиваль барысы білікті нұсқаушы мен жаттықтырушылардың көмегі арқылы жүзеге асты. 

Жарыс соныңда жеңімпаздар мен жүлдегерлер медальмен, дипломмен марапатталды.

Барлық жаңалықтар