00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Елордада «Qysqy jugiru» жарысына тіркелу басталды

04.12.2023 | 08:30
69
Фото: дереккөз

Астанада 24 желтоқсан күні Триатлон саябағында жыл сайынғы «Qysqy jugiru» жарысы өтеді, деп хабарлады Elorda.info.

Жарысқа жоғарыда көрсетілген қашықтықты еңсере алатын ниет білдірушілер (ерлер мен әйелдер) шақырылады: 18-29 жас, 30-39 жас, 40-49 жас, 50-59 жас, 60 жас және одан жоғары.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, жарыстың мақсаты – елордада бұқаралық спортты кеңінен дамыту, қала тұрғындары мен қонақтары арасында салауатты өмір салтын насихаттау, ұлт денсаулығын жақсарту.

Мәреге жеткен әрбір қатысушыға финишорлық медаль табысталып, әр жас санаттағы жеңімпаздар сертификаттармен марапатталады.

Старттық пакеттер Б.Момышұлы даңғылы, 2б, №1 кеңседе беріледі.

Қатысушыларды тіркеу astanatriathlon.kz сайтында жүргізіледі.

Айта кетерлігі, тіркеу қатысушылардың саны лимитке жеткен жағдайда алдын ала жабылуы мүмкін.

Жарыс туралы барлық ақпарат Астана қаласы Триатлон федерациясының әлеуметтік парақшасында жарияланады.

Барлық жаңалықтар