00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Елордада параүстел теннисінен турнир басталды

01.03.2024 | 11:17
53
Фото: Оңалхан Өнерхан

1-3 наурыз аралығында өтетін жарыста әлемнің 18 елінің ең үздік параспортшылары бақ сынап жатыр. Олардың арасында Паралимпиада чемпиондары Елена Прокофьева (Ресей), Уилл Бэйли (Ұлыбритания), Алена Канова (Словакия), Лондон Паралимпиадасының чемпионы, 4 дүркін әлем чемпионы Томми Урхайг (Норвегия) пен бірнеше Паралимпиада, әлем чемпионаттарының жүлдегерлері бар. 

Жарыстың ашылу салтанатына Астана қаласы әкімінің орынбасары Есет Байкен, Астана қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Василий Левит қатысты. 

Параүстел теннисінен турнир тұңғыш рет Астанада ұйымдастырылып жатқанына қуаныштымыз. Әлемнің 20-ға жуық елінен 150-дей ең үздік спортшылар қатысып жатыр. Барлықтарыңызға сәттілік тілеймін! - деді елорда әкімінің орынбасары Е.Байкен.

3f1a54f2-34ff-4e05-b7fe-e756d347c630.jpg

Бұл турнирдің қандай ерекшелігі бар? 

- ITTF Fa20 para open деңгейлі турнир жылына 14 рет ұйымдастырылады. Оның 4-еуі Париж Паралимпиадасына ұпай жинайтын жарыс саналады. Ал Астанадағы бәсеке Паралимпиадаға қатысуға мүмкіндік беретін дода болып саналады. 

- Қазақстан атынан 11 санат бойынша 53 спортшы сынға түсіп жатыр. 

- Елімізден Астана қаласы, Атырау, Маңғыстау, Жетісу, ШҚО, Павлодар, Ақмола, БҚО, Қарағанды облыстарының өкілдері ел намысын қорғауда. 

e6d4c760-e461-4a64-9c16-e600d4ba525f.jpg

- Қазақстаннан алғаш рет 27 параспортшы Паралимпиада, әлем чемпионаттарының жеңімпаздарымен ойнап, тәжірибе жинауға мүмкіндік алады. 

- Қазақстан паратеннис спортшылары арасынан бірінші мәрте Париж Паралимпиадасына 4 жерлесіміздің қатысуға мүмкіндігі бар. 

Дәл қазіргі сәтте әлемдік рейтингтегі орнымыз: 

Париж Паралимпиадасына 7-ші санатта 11 параспортшы қатысады. 

Раушан Орынбаева (7-ші санатта 18-орын) 

Париж Паралимпиадасына 8-ші санатта 20 параспортшы қатысады. 

Әли Мақұлбеков (8-ші санатта 34-орын) 

Париж Паралимпиадасына 9-шы санатта 14 параспортшы қатысады.

Талғат Ерекеев (9-шы санатта 30-орын) 

Париж Паралимпиадасына 9-шы санатта 11 параспортшы қатысады. 

Алтынай Ержанқызы (9-шы санатта 23-орын).

Астанада осындай деңгейдегі турнирдің өткеніне қуаныштымын. 9-шы санаттағы қарсыластарым өте мықты. Әсіресе, Аустралиядан келген Токио Паралимпиадасының күміс жүлдегері Мелисса Тапперді ерекше атар едім. Бұйырса, чемпион атануға барымды саламын, - дейді турнирдің ең жас қатысушыларының бірі елордалық Алтынай Ержанқызы. 

Қанат БАЙҰЗАҚОВ

Барлық жаңалықтар