00:00
Астана -10oC
USD:
442.05
EUR:
474.14
RUB:
4.74
Іздеу

Елордада Денис Тенді еске алуға арналған шоу өтті

05.11.2023 | 09:30
44
фото: ұйымдастырушылардан

Биыл марқұм Денис Теннің 30 жасқа толуына орай «Барыс Арена» спорт кешенінде мұз айдындағы шоу өтті, деп хабарлады Elorda info.

Мәнерлеп сырғанаудан ел спортына өлшеусіз үлес қосқан, Қазақстан тарихында алғаш рет 2013 жылы әлем чемпионатында күміс және 2014 жылы Сочи Олимпиадасында қола жүлде алған Денис Тенді әлі күнге дейін жұрт есінен шығарған емес. 

Айтулы шараға ҚР МСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Ербол Мырзабосынов, Астана Спорт басқармасының басшысы Самат Жылқыбаев қонақ ретінде қатысты. 

WhatsApp Image 2023-11-05 at 14.49.38 (1).jpeg

Өмірден өткеніне 5 жыл болса да, спортшымыздың құрметіне дәстүрлі түрде 4-ші рет мұз айдындағы шоу ұйымдастырылды. Биылғы бәсекеге еліміздегі жас шәкірттерімізден бөлек,  23 елден қонақтар да бақ сынады. Атап айтар болсақ, Еуропа чемпионы Алёна Косторная, Георгий Куница, Мари-Пьер Лере, Хан Гиль Ким, Чжу Хон Лим, Арлет Леванди, Аделия Петросян, Дженифер Ян Сван Ренсбург, Бенджамин Стефан сынды жұлдыздар көрермендерге өз шеберліктерін паш етті. 

Ботагөз Алдоңғарова (Denis Ten Memorial турнирінің баспасөз хатшысы): 

Денис Тенді еске алу турнирі 2 мәрте Алматыда, 2 рет Астана қаласында өткізіп жатырмыз. Өйткені біз қос мегаполистің де спорт жанкүйерлерін шоудан құр қалдырғымыз келмейді. Әлемдік жұлдызға айнала білген жерлесіміздің арқасында бүгінде Денис Теннің академиясы өз жұмысын істеп келе жатыр. Бүгін Олимпиаданың қатысушылары, халықаралық жарыстың жүлдегерлері халыққа өздерінің қойылымдарын көрсетіп, болашақ спортшылар мен халыққа керемет әсер сыйлады деп, ойлаймын.

Денис Теннің шоуынан түскен қаржы отандық мәнерлеп сырғанаудың дамуына жұмсалатын болады.

Қанат Байұзақов

Барлық жаңалықтар