00:00
Астана -10oC
USD:
444.14
EUR:
477.05
RUB:
4.85
Іздеу

«Elorda Cup»: Астанада халықаралық турнир басталды

27.06.2023 | 19:00
39
Фото: Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасы

Бокстан Астана қаласында екінші мәрте халықаралық «Elorda Cup» турнирі жалауын желбіретті, деп хабарлады Еlorda.info.

Жарыстың салтанатты ашылу сәтіне Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасы ММ басшысы Самат Жылқыбаев, Лондон Олимпиадасының чемпионы Серік Сәпиев, ҚР бокс федерациясының вице-президенті Азиз Қожамбетов, ҚР парламентінің мәжіліс депутаты Данияр Қасқарауов қатысты. 

канаттт.jpg

«Екінші мәрте ұйымдастырылып жатқан халықаралық турнирге қош келдіңіздер! Биыл айтулы жарысымызда 10 мемлекеттен 200-ден астам боксшы 25 салмақта жеңімпазды анықтайтын болады. Жыл сайын қатысушы елдің саны артып жатқаны көңіл қуантады. Осы бәсекеде жеңіске жеткен мықты боксшыларымыз Азия ойындары, Париж Олимпиадасында сәтті өнер көрсететініне сенемін!» - деп, Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасы ММ басшысы Самат Жылқыбаев қатысушыларға сәттілік тіледі. 

Бокс бәсекесі «Beeline Arena» спорт кешенінде 27 маусым - 2 шілде аралығында өтеді.

Жарыста әлем чемпионы Теміртас Жүсіпов, Сәкен Бибосынов, Махмұд Сабырхан, Севон Оказава, әлем чемпионатының күміс жүлдегері Серік Теміржанов, Тоқтарбек Таңатқан (Қытайдағы қандасымыз) сынды боксшылар бақ сынайды.

Барлық жаңалықтар