00:00
Астана -10oC
USD:
442.05
EUR:
474.14
RUB:
4.74
Іздеу

Елена Рыбакина Forbes тізіміне енді

26.05.2023 | 12:30
42
Фото: sports.kz

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Forbes тізіміне енді, деп хабарлады Elorda.info

Белгілі болғандай, америкалық Forbes журналы Азия-Тынық мұхиты өңірінің өкілдері арасындағы 30 жасқа дейінгі әлеуеті зор спортшылардың тізімін жариялаған. Оған Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина енген. 

Тағы бір болашағы жарқын спортшы - бұл Елена Рыбакина. Ол «Уимблдон» турнирін жеңіп алған алғашқы қазақстандық. Қазіргі уақытта теннисші әлемдік рейтингте төртінші сатыда тұр және 10 миллион долларға жуық табыс тапты, - делінген хабарламада. 

Еске сала кетейік, жақында Елена Рыбакина Рим WTA 1000 турнирінің жеңімпазы атанды. Ол финалда Украина өкілі Ангелина Калининадан басым түсті. Қазіргі уақытта қазақстандық теннисші әлемдік рейтингте 4-орында тұр. 

Барлық жаңалықтар