00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Ел чемпионаты: Грек-рим күресінің жеңімпаздары белгілі

03.02.2024 | 04:15
46
Фото: Olympic.kz

Астанада өтіп жатқан күрес түрлерінен грек-рим әдісі бойынша 10 салмақтағы жеңімпаздардың толық есімі белгілі болды, деп хабарлады Elorda.info.

Ел чемпионатының екінші жарыс күнінде Париж Олимпиадасына кіретін салмақ санаттары бойынша жүлде сарапқа салынды. 

60 келі

1-орын. Айдос Сұлтанғали (Қызылорда обл) 

2-орын. Ғалым Қабдунасаров (Жетісу обл) 

3-орын. Дастан Зарлыханов (Ақмола обл) 

3-орын. Мейрамбек Айнағұлов (Ақтөбе обл) 

67 келі

1-орын. Мейіржан Шермахамбет (Шымкент қ.) 

2-орын. Дін-Мұхамед Қошқар (Жамбыл обл) 

3-орын. Алмат Кебіспаев (Қарағанды обл) 

3-орын. Алматбек Аманбек (Алматы обл) 

77 келі

1-орын. Демеу Жадыраев (Жетісу обл.) 

2-орын. Тамерлан Шадукаев (Қостанай обл) 

3-орын. Ибрагим Магомадов (Қарағанды обл.) 

3-орын. Әбдіәзім Қарабаев (Шымкент қ.) 

87 келі

1-орын. Азамат Қыстаубаев (Астана қ.) 

2-орын. Мақсат Сайлау (Астана қ.) 

3-орын. Темірлан Тұрдақын (ШҚО) 

3-орын. Диас Қален (Жетісу обл.) 

130 келі

1-орын. Әлімхан Сыздықов (Шымкент қ.) 

2-орын. Салават Ахметқали (ШҚО) 

3-орын. Джохар Узаров (Шымкент қ.) 

3-орын. Мансур Шадукаев (Қостанай обл.)

Жалпы 10 салмақ бойынша жүлде кестесі: 

1-орын. Жетісу облысы — 2 алтын, 2 күміс, 1 қола

2-орын. Шымкент қ. — 2 алтын, 4 қола

3-орын. Қызылорда облысы — 2 алтын

4-орын. Астана қаласы — 1 алтын, 2 күміс

5-орын. Жамбыл облысы — 1 алтын, 1 күміс, 1 қола

6-7-орын. СҚО — 1 алтын

6-7-орын. Атырау облысы — 1 алтын

8-орын. Қостанай облысы — 2 күміс, 3 қола

9-орын. ШҚО — 2 күміс, 2 қола

10-орын. Алматы облысы — 1 күміс, 2 қола 

11-орын. Қарағанды обл. — 3 қола

12-13-орын. Түркістан облысы — 1 қола

12-13-орын. Алматы қ. — 1 қола

Ақмола обл. — 1 қола

Ақтөбе обл. — 1 қола

Олимпиадаға іріктеу кезеңі болған соң, турнир өте тартысты өтті. Неге? Себебі, өз салмақтарының көшбасшылары бірнеше келі қосып немесе азайтып күресті. Мысалы, Ғалым Қабдунасаров 63 келіде Қазақстан чемпионы. Осы жолы 60 келіде финалға дейін жетті. 55 келіде 20  жасқа дейінгі (U20) жастар арасында өткен әлем чемпионы Исхар Құрбаев та 60 келіге көтерілді. Мейрамбек Айнағұлов та жақсы күресіп, қола жүлдеге ие болды. Дегенмен, Айдос Сұлтанғали өзінің мықтылығын көпшілікке мойындатты. Балуанымыздың денсаулығына байланысты емделгенін де ескерген жөн. 77 келіде Демеу Жадыраев былтыр әлем чемпионатында лицензияға бір ғана қадам қалғанда тоқтап еді. Осы жолы ол шеберлігін одан әрі күшейтіп, қайта топ жарды, - деді Грек-рим күресінен ұлттық құраманың бас бапкері Юрий Мельниченко.

Бас бапкер күміс жүлдегер Тамерлан Шадукаев та ауыр жарақаттан соң, аз дайындықпен финалға жеткені үлкен жетістік екенін айтты. 

67 келіде Мейіржан Шермахамбет те көзіне 3 мәрте ота жасатып, қайта үлкен спортқа оралды. Әсіресе ширек финалдық белдесуде әлем чемпионатының 5 мәрте жүлдегері Алмат Кебіспаевтан басым түсті. Жалпы жарыстың атмосферасы керемет. Ұйымдастырылу деңгейі жоғары. Осының арқасында балуандарымыз шетелдік спорт кешендерінде еш саспай, қарсыластарымен теңдей күресуге мүмкіндік алады, - деді бас бапкер. 

Бүгін әйелдер күресінде 10 салмақта жеңімпаздар анықталады.

Барлық жаңалықтар