00:00
Астана -10oC
USD:
441.44
EUR:
473.09
RUB:
4.75
Іздеу

Джиу-джитсудан әлем чемпионатында отандастарымыз топ жарды

14.11.2023 | 03:30
39
Фото: дереккөз

Латвияда комбат джиу-джитсудан әлем чемпионаты аяқталды, деп хабарлады Elorda.info.

Жарысқа әлемнің 29 елінен 600-ге жуық спортшы қатысты. 

Жасөспірімдер арасындағы Граунд Файт бағдарламасында жерлестеріміз 6 алтын, 5 күміс және 6 қола жүлдеге ие болса, ересектер арасындағы сайыста отандастарымыз 6 алтын, 4 күміс және 14 қола медаль жеңіп алды. Клосс контакт бойынша өткен жекпе-жекте жасөспірімдер – 6 алтын, 6 күміс және 4 қола, ересектер – 9 алтын, 8 күміс және 8 қола, Cелф жарысында 2 алтын, 5 қола медаль олжалады. Ал Фулл контакт бағдарламасында жасөспірімдер – 6 алтын, 3 күміс және 4 қола, ересектер – 11 алтын, 9 күміс және 4 қола жүлдеге қол жеткізді.

Осылайша, жалпыкомандалық есепте Қазақстан құрамасы бірінші орынды жеңіп алса, екінші орынға Украина, үшінші сатыға Қырғызстан спортшылары жайғасты.

Біздің спортшылар әлем чемпионатында керемет нәтиже көрсетті. Жалпыкомандалық есепте бірінші орыннан көріну – өскелең ұрпақ үшін жақсы үлгі, тамаша жетістік. Құрама спортшыларын, оның ішінде жаттықтырушылар штабын шын жүректен құттықтаймын. Әрі қарай да жанкүйерлеріңізді жарқын жеңістермен қуантасыздар деп үміттенемін, - деді Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Ербол Мырзабосынов.

Барлық жаңалықтар