00:00
Астана -10oC
USD:
442.05
EUR:
474.14
RUB:
4.74
Іздеу

Дмитрий Попко Түркиядағы турнирдің чемпионы болды

11.12.2023 | 08:00
36
Фото: ktf.kz

Қазақстандық, әлемнің 504-ракеткасы Анталия (Түркия) ITF турнирінің чемпионы атанды, деп хабарлады Elorda.info.

Қазақстандық теннисші финалда дүниежүзілік рейтингте 728-орында тұрған өзбекстандық Сергей Фоминмен чемпиондық атақты сарапқа салды.

Дмитрий Попко тартысты матчта 6:4, 3:6, 6:2 есебімен жеңіске жетті.

Осылайша, Анталия жарысы қазақстандық теннисші үшін сәтті аяқталды.

Барлық жаңалықтар