00:00
Астана -10oC
USD:
442.05
EUR:
474.14
RUB:
4.74
Іздеу

Әділет Барменқұлов: Отандық мамандарды шеттету болып жатыр деп айта алмаймын

29.02.2024 | 04:37
36

Астанада ұйымдастырылған салтанатты шарада ҚР футбол федерациясының президенті Әділет Барменқұлов әлеуметтік желіде көптің талқысына түскен  Қазақстан кәсіпқой лигасының президенті Рафаэль Гарибянның мәлімдемесіне қатысты жауап берді. 

Қазақстан кәсіпқой футбол лигасына Ресейден 2 ғана маман шақырылды. Олар: QFL вице-президенттері Эдуард Синельников пен Александр Цомая. Бұл мамандар өз саласының өте жоғары деңгейдегі қызметкерлері. Олармен 3 жылдық келісімшарт жасастық. Осы уақыт аралығында олар міндеттерінен бөлек, еліміздің мамандарын спорттық, заңдық, коммерциялық жағынан қалыптасуға үйретеді. 

Футбол федерациясында Раймонд Акибалт (Нидерланды), Стюарт Холл (Ұлыбритания) жұмыс істейді. Ал Рохус Шох Ресей азаматы ретінде саналғанымен, Жамбыл облысының тумасы. Отандық мамандарды шеттету болып жатыр деп айта алмаймын. Барлығы сарапталып, нәтижесі жоғары, кәсіби азаматтар ғана шақырылады, - деді ол.

Айта кетейік, әлеуметтік желілерде Қазақстан кәсіпқой лигасының президенті Рафаэль Гарибянның алдағы уақытқа қызметке тек Ресей, Украина, Беларусь елдерінің мамандарын қабылдаймын, деген сөзі көпшіліктің ашуын тудырған еді. 

195beba8-9b7f-4c86-b503-dd0c892f1735.jpg

Осы жиында OLIMPBET-Қазақстан премьер-лигасында қандай жаңашылдық болатындығы туралы  айтылды.  

- Бұрынғы pflk.kz сайтын жаңа qfl.kz сайты алмастырады. 

- Кубок лигасы атты жаңа турнир іске қосылды. Премьер-лиганың 14 клубы және бірінші лиганың 2 клубы топтық кезеңде сайысқа түсіп, үздіктері 1/2 финалға шығады. Жүлде қоры – рекордтық 1 млн АҚШ доллар.

 Былтыр Қазақстан кубогында жүлде 570 мың долларды құраған болатын. 

- Әйелдер лигасы құрылады. Әзірше 6 клуб тіркелді. 

- Ел чемпионатына OLIMPBET букмекерінен бөлек, 1XBET, Wildberries компаниялары демеуші атанды. 

- Wildberries компаниясы жаңа доп үлгісін ұсынды. 

- Футболдан тікелей эфирдің сапасы артады. Осы мақсатта камералардың саны көбейтіліп, бірнеше ракурстар қамтылады.

Қанат БАЙҰЗАҚОВ

Барлық жаңалықтар