00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Денис Никиша: Өз-өзіңмен күрескенде ғана жетістікке жете аласың

19.03.2024 | 05:08
37
Фото авторы: Нұрғали Жұмағазы

Ақмола облысының тумасы, 32 жастағы спортшы әуежайда әлем чемпионатын қорытындылап, сұхбат берді. 

Шорт-тректен сіз әкелген жүлде Қазақстанға 30 жылдан астам уақыттан кейін бұйырып тұр. Өз  әсеріңізбен бөлісіп кетсеңіз? 

Ересектер арасында шорт-тректен күміс медаль алғанымды әлі де толыққанды сезінбедім. Иә, чемпион атанбадым деген өкініш бар. Алайда бұл жүлденің өзі қазақ спортында алар орны үлкен. 

Ірі додаларда биіктен көріну үшін, қандай қасиеттер қажет? 

Бұл спортта жүргеніме 20 жыл болды. Бірақ дәрежесі жоғары әлем чемпионатында кез- келген спортшыда қобалжу болады. Ал көшбасшылардың мойнындағы жауапкершілік одан да жоғары. Егер менің қарсыластарыма назар аударсаңыз, барлығы дерлік Олимпиада, әлем чемпиондары. Өз-өзіңмен күрескенде ғана жетістіктерге жете аласың. осы жолы менің алдыма қойған бір мақсатым орындалды деп айта аламын. 

Әлем чемпионатына дайындығыңыз қалай өтті? 

Бір ай бұрын Польшадағы әлем кубогының соңғы кезеңін күміспен аяқтадым. Артынша Нидерландыға ат басын бұрып, дайындықты әрі қарай тоқтаусыз жалғастырдық. Нәтижесін өздеріңіз көріп тұрсыздар. 

610cbc31-169c-41da-8b2d-ca4f3476774e.jpg

 Мұз айдынындағы қарсыластарға тоқталсаңыз? 

Бұған дейінгі Қысқы Олимпиада ойындарында басты қарсыластар – Оңтүстік Корея, Қытай спортшылары болып келді. Алайда салыстырмалы түрде соңғы жылдары басқа мемлекеттердің де әлеуеті жоғарылап келеді. Оның ішінде біздің еліміз де бар. Міне, бүгінгі күміс жүлде соның дәлелі. Бейжің Олимпиадасында да жүлдеге бір саты жетпей тоқтаған болатынбыз. 

Бұл жеңіс сізге қаншалықты әсер етеді? 

Әлем кубогы кезеңдерінде алтын, күміс, қола медальді бірнеше рет иелендім. Бірақ әлем чемпионатындағы алғашқы жүлдем.  Бұл да сатылы деңгейде өскенімді аңғартады. Алдағы басты мақсат – 2026 жылғы Миландағы қысқы Олимпиада. Бұл жүлде маған психологиялық тұрғыдан сенімділікті арттырып, Олимпиада тұғырында жоғарыдан көрінуге көмектеседі деп сенемін. 

Айта кетейік, Денис Никиша бұған дейін жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында да елімізге тұңғыш жүлде сыйлаған болатын.

Қанат БАЙҰЗАҚОВ

Барлық жаңалықтар