00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Бокстан әлем чемпионы елінен қашып кетті

18.05.2023 | 18:30
38
Фото: IBA

Бокстан Ташкентте өткен әлем чемпионатында 75 келіде топ жарған 25 жастағы Куба боксшысы Йоэнлис Эрнандеске үйіне барудан бас тартты, деп хабарлады Elorda.info тілшісі. 

16 мамыр күні Кубаға қайтар жолда Панамада ұшақты ауыстыру үшін аялдаған құрамадан Йоэнлис Эрнандес кенеттен қашып кетті. 

Бұл боксшы Ташкенттегі біріншілікте Куба атынан чемпион атанған жалғыз боксшы еді. Нәтижесінде ол 200 мың доллар сыйақы алған болатын. 

Бұл Куба құрамасында болған алғашқы оқиға емес. 2022 жылы 63,5 келіде Токио Олимпиадасының чемпионы, 3 дүркін әлем чемпионы Энди Крус та елінен қашуға әрекеттеніп, сәтсіз аяқталған болатын. 

Ал 2018 жылы Рио Олимпиадасының қола жүлдегері, 2 дүркін әлем чемпионы Хоанис Архилагос Мексикада жаттығу барысында АҚШ-қа қашқан еді. Ол кәсіпқой бокста 10 жекпе-жек өткізіп, 9-ында жеңіске жеткен.

Қанат БАЙҰЗАҚОВ

Барлық жаңалықтар