00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Бокс: Екі нокдаун және бір техникалық нокаут

06.03.2024 | 04:08
29
Фото: Аян Төлеген

Алдымен әйелдер арасында 60 келідегі Римма Волосенко Италия төріндегі екінші жекпе-жегінде венгриялық 22 жастағы Петра Сзабомен жұдырықтасты. Нәтижесінде Римма алғашқы раундта қарсыласын нокдаунға түсіріп есеп ашса, қалған уақытта өзінің басымдығын таныта білді. Есеп: 5:0.

Кешкі сессияда 71 келідегі әлем чемпионы Асланбек Шымбергенов алғашқы қарсыласы Сэм Мороватимен (Финляндия) айқасты ұзаққа созбай, 2-раундта техникалық нокаутпен ұтты. 

Кештің нүктесін Олимпиадалық іріктеуде алғаш рет бақ сынап отырған 63,5 келідегі Мұхаммедсабыр Базарбайұлы қойды.  Ол 1/32 финалда Тринидад және Тобаго өкілі Доннел Филипптен айласын асырды.

Жерлесіміз жекпе-жек бойы бір бас жоғары екенін дәлелдеп, тіпті 3-раундта қарсыласын нокдаунға да түсірді. 

Бүгін ерлер 51, 92, +92 келі және әйелдер 60, 66, 75 келіде жұдырықтасады.

Ұлттық құрама сапынан 51 келіде әлем чемпионы Сәкен Бибосынов, 92 келіде Айбек Оралбайлар алғашқы кездесуін өткізсе, әйелдер арасында 60 келідегі Римма Волосенко үшінші мәрте шаршы алаңға шығады. 

Отандастарымыздың нақты қай уақытта рингке шығатыны кейінірек анықталады. Әзірге олардың қарсыластары ғана белгілі;

60 келіде

Римма Волосенко Муино Камила Паола Пинейро (Уругвай)

51 келіде

Сәкен Бибосынов Каранджа Давид Мачариа (Кения)  

92 келіде

Айбек Оралбай Санжит Санжит (Үндістан)

Қанат БАЙҰЗАҚОВ

Барлық жаңалықтар