00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

Боччадан ашық республикалық турнирдің жеңімпаздары анықталды

06.03.2024 | 14:40
34
Фото: Сұлтан Сейітов

Еліміздің 10 аймағынан 70-ке жуық спортшылар бас қосқан жарыс 3 күнге жалғасып, жасөспірімдер және ересектер арасында жеңімпаздар белгілі болды. 

Республикалық жарыс қорытындысы бойынша Астана қаласы 3-орын, Павлодар облысы 2-орын, Жетісу облысы 1-орынды иеленді. 

бочча.jpg

Турнирдің шешуші күні жүлдегерлерді марапаттауға ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев, ҚР Туризм және спорт министрлігінің вице-министрі Серік Жарасбаев, Астана қаласы әкімінің орынбасары Есет Байкен қатысты. 

Мәулен Әшімбаев жарыс өте тартысты өткенін айтып, Паралимпиада бағдарламасына кіретін спорт түрінде еліміздегі бәсекелестіктің күшейгенін атап өтті. 

байкен.jpg

Қазақстан бочча федерациясының президенті қатысушыларға алғысын білдіріп, боччаны дамытуға қарқынды үлес қосып жүрген аруларымызға жеке алғысын білдірді. 

Ұйымдастырушылардың айтуынша, алдағы уақытта республикалық және аймақтық деңгейде бірнеше жарыстар өткізіледі.

Қанат Байұзақ

Барлық жаңалықтар