00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Астанада этнос өкілдері арасында спорттық жарыс өтеді

10.04.2024 | 16:24
67
Астанада этнос өкілдері арасында  спорттық жарыс өтеді
Фото: Сұлтан Сейіт

28 сәуірде Астанада елорда тұрғындары мен қонақтары үшін, соның ішінде Қазақстанның басқа өңірлерінен, барлық этномәдени бірлестіктер арасында «Бірлік жүгірісі» жарысы өтеді, деп хабарлады Elorda.info.

Спорттық жарысты өткізудің мақсаты еліміздің барлық этностарын бірыңғай спорттық мақсатпен біріктіру болып саналады.

Іс-шараны Астана қаласы Триатлон федерациясының қолдауымен Қазақстан халқы Ассамблеясы ұйымдастырғалы отыр.

Жарыс серіктестері: «Самұрық-Қазына» АҚ және «SportQory» КҚ туризм және спорт индустриясын қолдау қоры.

«Бірлік жүгірісі» жарысынің ережесіне сәйкес ересектер үшін де, балалар үшін де 4 түрлі қашықтықты қамтиды. Алдын-ала болжам бойынша қатысушылар саны 2 мың адамға дейін жетуі мүмкін.

Жарыс ЭКСПО аумағында өтеді.

Ұйымдастырушылардың айтуынша шара спорттық-бұқаралық іс-шаралардың бірыңғай күнтізбесіне енгізілген.

Барлық жаңалықтар