00:00
Астана -10oC
USD:
441.44
EUR:
473.09
RUB:
4.75
Іздеу

Билли Джин Кинг кубогы: Қазақстан құрамасы Аустралиядан жеңіліп қалды

10.11.2023 | 07:00
31
Фото: ktf.kz

Испанияның Севилья қаласында өтіп жатқан Билли Джин Кинг кубогінің финалдық кезеңінде Қазақстан құрамасы жеті дүркін әлем чемпионы Аустралиядан ұтылып қалды, деп хабарлады Elorda.info.

Шешуші, жұптық бәсекеде кортқа Анна Данилина – Юлия Путинцева және Сторм Хантер – Эллин Перес шықты.

Бірінші партияда аустралиялық жұп айқын басымдылық көрсетті – 6:1.

Қазақстандықтар екінші сетті де брейк жасап, сәтті бастағанымен, сол қарқынды жалғастыра алмады. Дегенмен бұл партияға тағы бір брейкпен нүкте қойды – 6:4.

Супер тай-брейкте аустралиялық дуэт жеңісті жұлып алды – 10:5.

Жалпы есеп – 2:1, Аустралияның пайдасында.

Қазақстан құрамасы енді Словениямен шешуші матч өткізеді. Словения бұған дейін Аустралияны 2:1 есебімен тізе бүктірген еді. Сондықтан қазақстандықтарға словениялықтарды 3:0 есебімен жеңуі керек. Сонда ғана жарысты жалғастыра алады.

Барлық жаңалықтар