00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Бейбіт Жұқаев Мексикадағы жарыстың ширек финалына шықты

05.04.2024 | 13:11
Елорда ақпарат
70
Бейбіт Жұқаев Мексикадағы жарыстың ширек финалына шықты
Фото: дереккөз

Қазақстандық теннисші Бейбіт Жұқаев Мехико (Мексика) челленджер турнирінің ширек финалына жолдама алды, деп хабарлады Elorda.info.

Жарыстың 5-ракеткасы Жұқаев екінші айналымда рейтингіде 685-сатыда тұрған мексикалық, 18 жастағы Родриго Пачеко Мендеспен кездесті.

Бұл жолы Бейбіт 1 сағат 13 минутқа созылған матчта қарсыласынан 6:3, 6:4 есебімен айласын асырды. Бейбіт осы уақыт ішінде 17 эйс жасап, 6 брейк-пойнттың екеуін пайдаланып үлгерді.

Қазақстандық теннисші жартылай финалға шығу үшін әлемнің 212-ракеткасы, канадалық Алексис Галарномен сынға түседі.

Барлық жаңалықтар