00:00
Астана -10oC
USD:
442.05
EUR:
474.14
RUB:
4.74
Іздеу

Баскетболдан Қазақстан құрамасы Азия кубогіне жолдама алды

30.06.2023 | 09:00
33
Фото: Ұлттық баскетбол федерациясынан

Баскетболдан Қазақстанның 16 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамасы Самарқан (Өзбекстан) қаласында өткен CABA іріктеу турнирінде жеңіске жетіп, Азия кубогіне жолдама алды, деп хабарлады Elorda.info

Қазақстан жасөспірімдері әуелі Қырғызстан құрамасын 97-42 есебімен жеңсе, шешуші ойында Өзбекстанның 16 жасқа дейінгі жасөспірімдерінен 91-47 (32-13, 20-16, 24-8, 15-10) есебімен басым түсті. 

Қазақстан U16 құрамасы CABA аймағына берілген жалғыз жолдамаға ие болды. Азия кубогінің финалдық кезеңі 17-24 қыркүйек аралығында Доха (Катар) қаласында өтеді. 

Турнир нәтижелері:

1-орын: Қазақстан U 16

2-орын: Өзбекстан U 16

3-орын: Қырғызстан U 16

Сондай-ақ жеңімпаз командалар арасынан үздік ойыншылар анықталды:

Әлішер Мұратұлы - Қазақстан U 16

Амир Рустамов - Қырғызстан U 16

Гулбани Зураб – Өзбекстан U 16

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ және Sport Qory спортты қолдау Қоры – Қазақстан 16 жасқа дейінгі құрамасының бас серіктестері болып табылады.

Барлық жаңалықтар