00:00
Астана -10oC
USD:
442.05
EUR:
474.14
RUB:
4.74
Іздеу

Баскетболдан астаналық команда ел чемпионы атанды

11.04.2024 | 11:33
63
Баскетболдан астаналық команда ел чемпионы атанды
Фото: дереккөз

Баскетболдан Жоғарғы лиганың ерлер командалары арасындағы ХХХІІ Қазақстан чемпионатының соңғы туры Щучинск қаласында өтті, деп хабарлады Elorda.info.

Аса тартысты өткен ел чемпионатына елімізден 8 командасы қатысып, жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды.

Қызықты әрі тартысқа толы маусымда соңғы турларға дейін жеңімпаз анықталған жоқ. Себебі «Astana Tigers» пен «Шымкент» командалары үзеңгі қағыстырып финишке қатарласа жетті.

Соңғы нәтижеде чемпиондық бар болғаны 1 ұпай басымдықпен шешілді. Астананың намысын қорғаған «Astana Tigers» командасы 51 ұпаймен маусым үздігі атанды. «Шымкент» командасы 50 ұпаймен 2-орынды иеленсе, үздік үштікті 48 ұпайы бар «Тұран» командасы  түйіндеді.

Ел чемпионатында үздік ойын көрсеткен ойыншыларға да арнайы жүлделер табысталды.   

Барлық жаңалықтар