00:00
Астана -10oC
USD:
444.14
EUR:
477.05
RUB:
4.85
Іздеу

«Бала барысы» турнирінің жеңімпаздары анықталды

05.07.2023 | 21:05
43

Астана қаласының 25 жылдығына орай алғаш рет елорда мектептері арасында қазақ күресінен жарыс ұйымдастырылды, деп хабарлады Elorda.info

Жарыстың ашылу салтанатына Астана қаласы әкімдігінің «Өркен» балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталығының директоры Нұрлан Тяженов пен Астана қаласының қазақ күресі ассоциациясының атқарушы директоры Нұрсұлтан Болат қатысты.

ку.jpg

«Жасөспірімдерді салауатты өмірге баулу мақсатында алғаш рет «Бала барысы» турнирі өткізіліп жатыр. Ұлтымыздың өмір тарихымен тығыз байланысты қазақ күресі қазақ халқының ажырамас бір бөлігі саналады. Алдағы уақытта «Бала барысы» турнирі дәстүрлі түрде өтіп, болашақ «Қазақстан барысы» жеңімпаздары қалыптасады деп,  сенемін» - деді, Астана қаласы әкімдігінің «Өркен» балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталығының директоры Нұрлан Тяженов

ку еки.jpg

2023 жылғы 5 шілде Астана қаласының № 32 мектеп-гимназиясында  қазақ күресінен 2008-2009 және 2010-2011 жылы туылған кіші жасөспірімдер арасында (ұлдар) «Бала барысы» қалалық турнир өткізілді.

Турнир келесі салмақ дәрежелерінде өткізілді: 2008-2009 ж.т. +70 келі, 2010-2011 ж.т. 38 келі.

Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері Астана қаласы әкімдігінің «Өркен» балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталығының медаль, диплом, кубоктармен марапатталды.

Турнирдің жеңіпаздары мен жүлдегерлері:

+70 келі

1-орын.  Бегімбай Дінмұхамед  (52 мектеп)

2-орын.  Талысбай Ашихан (78 мектеп)

3-орын.  Асылбеков Бекасыл

3-орын.  Бейімбетұлы Арсен  (52 мектеп)

-38 келі

1-орын.  Бауыржан Расул (Арқа Алан)

2-орын.  Жарқынұлы Ерсаян (64 мектеп)

3-орын.  Есімбек Айболат (Арқа Алан)

3-орын.  Гейларов Арзу (24 мектеп)

Енді жарыс жеңімпаздары Астана қаласы атынан республикалық жарыстарда өнер көрсетеді.

Қанат Байұзақов

Барлық жаңалықтар