00:00
Астана -10oC
USD:
442.05
EUR:
474.14
RUB:
4.74
Іздеу

Азиз Қожамбетов: Чемпиондар түнінің өтетіндігі қыркүйекте белгілі болды

15.12.2023 | 05:30
45

Тәуелсіздік күніне орай 15 желтоқсан күні Астана қаласында ұйымдастырылып жатқан «Чемпиондар түні IBA» бәсекесінде 8 бірдей боксшымыз өнер көрсетеді. Осы орайда Қазақстан бокс федерациясының атқарушы директоры Азиз Қожамбетов Elorda info сайтына өз ойымен бөлісті. 

Аталмыш кешті ұйымдастыру идеясы қалай туындады?

23 қыркүйек-8 қазан күндері Астана қаласында жасөспірім және жастар арасында Азия чемпионаты өтті. Сол турнирге IBA президенті Умар Кремлев ат басын тіреп, «Чемпиондар түні» жобасын айтты. Артынша таңғы шай уақытында еліміздегі спортшылармен сөйлесіп, алдын-ала кардты ойластырды.  Бастапқыда кеш Өзбекстанда өтіп, 5 әлем чемпиондары өнер көрсетулері қажет болатын. Артынша біз қабылдауымыз керек еді. Бірақ түрлі себептермен Өзбекстандағы турнир кейінге ауыстырылды. 

Халықаралық бокс федерациясының бұндай жобасы қашаннан бері қолға алынып жатыр?

 2022 жылдың желтоқсанынан бастап, Абу-Даби қаласында тұсауын кесті. Ол кеште отандасымыз Карина Ибрагимова өнер көрсеткен болатын. Ал биыл 7 мәрте Таиланд, Ресей, Монако, Франция, Түркия, Тәжікстан, БАӘ-де өтті. Астана төріндегі бұл биылғы жылдың соңғы бәсекесі емес. 16 желтоқсанда Мәскеу төрінде Ресей-АҚШ арасындағы боксшылар өзара жұдырықтасатын болады. 

WhatsApp Image 2023-12-14 at 21.05.43.jpeg

«Чемпиондар түні IBA» кешінде бұған дейін жерлестеріміз неше рет өнер көрсеткен? 

 Былтырдан бері 4 турнирде 6 боксшымыз өз шеберліктерін көрсетті. 

2022 жыл. Желтоқсан. Дубай. Карина Ибрагимова — Ирма Теста (Италия) — қарсылас жеңді. 

2023 жыл. Шілде. Пхукет. Валентина Хальзова — Елиф Гунери (Түркия) — жерлесіміз жеңді. 

Мұхаммедсабыр Базарбайұлы — Мужибулло Турсунов (Өзбекстан) — қарсылас жеңді. 

Дулат Бекбауов — Асахуджа Муйдунходжаев (Өзбекстан) — қарсылас жеңді. 

2023 жыл. Қыркүйек. Монте-Карло, Нұрқанат Райыс — Сальваторе Кавалларо (Италия) — қарсылас жеңді. 

2023 жыл. Қыркүйек. Стамбул, Теміртас Жүсіпов — Эдмонд Худоян (Ресей) 

Дулат Бекбауов — Рониел Иглесиас (Куба) 

Астана төріндегі кеште боксшылар құрамы қаншалықты ауысты? 

80 келіде әлем чемпионы Нұрбек Оралбайдың көзінің айналасына жара шығып, ота жасатты. Салдарынан оның орнын Ерасыл Жақпеков алмастырды. Ал 57 келіде Махмұд Сабырхан басқа Куба боксшысымен шығуы керек еді. Өкінішке қарай, ол спортшы виза мәселесіне байланысты  Кубадан шыға алмады. Оқу-жаттығу жиынына келген өзге кубалық оның орнын алмастырды. 

Сыйақы бойынша айтып өтсеңіз? 

Жеңген боксшылар — 10 мың доллар, жеңілгендер — 5 мың доллар алады. Ал Данияр Елеусіновтың гонорары өзгелерден басқаша.

Сұхбатыңызға рақмет!

Қанат Байұзақов

Барлық жаңалықтар