00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Азия ойындары: Қоржынға алғашқы алтын түсті

27.09.2023 | 04:30
50
Фото: Тұрар Қазанғапов

Қазақстан командасы Ханчжоуда өткен XIX Азия ойындарында алғашқы алтын медальді жеңіп алды, деп хабарлады Elorda.info Туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасап. 

Стенд атудан скит бағдарламасы бойынша сынға түскен әйелдер құрамасы Әсем Орынбай, Зоя Кравченко, Ольга Панарина чемпион атанды.

Айта кетейік, отандық мергендер бірінші орынға ие болып қана қоймай, жалпы 350 балл жинап, Азиада рекордын орнатты. Олар Қытай (348 ұпай) және Таиланд (342 ұпай) командаларынан оқ бойы озық өнер көрсетті.  

Қыздарды осы тарихи жеңіспен құттықтаймын! Алтын медальдан басқа, біздің спортшылар жаңадан жарыс рекордын орнатты, бұл жеңісті одан да әсерлі етеді. Естеріңізге сала кетейін, Алматы облысында стенд атудан әлем кубогында біздің құрама бірінші жалпы командалық орынға ие болған. Бүгін бүкіл Азия бұл табыстың кездейсоқ емес екенін түсінді, - деді Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев.

Барлық жаңалықтар