00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Азия ойындары: Мергендеріміз үшінші алтынды қоржынға салды

28.09.2023 | 07:00
42
Фото: дереккөз

Ханһжоудағы Азия ойындарында жерлестеріміз Әсем Орынбай мен Эдуард Ещенко стендтік ату турнирінің аралас жұптық сайысында алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлады Elorda.info Туризм және спорт министрлгіне сілтеме жасап.

 "Скит" жаттығуының финалында қазақстандықтар Кувейттен келген қарсыластарынан басым түсті. Қорытынды есеп – 40:35.

Бұл Азиададағы еліміздің ұлттық құрамасы үшін үшінші алтын медаль. Естеріңізге сала кетейік, кеше Әсем Орынбай, Зоя Кравченко және Ольга Панаринадан жасақталған Қазақстанның әйелдер командасы "скит" жаттығуында алтын медаль жеңіп алып, Азия ойындарының рекордын орнатты. Ал жекелей сында Әсем Орынбай қола жүлдеге ие болды.

Біздің мергендер тағы да керемет нәтиже көрсетті! Спортшыларды, жанкүйерлерді және, әрине, команданың жаттықтырушылар штабын осы жеңіспен құттықтаймын. Бүкіл ел мергендерімізбен мақтанады. Бұл жеңіс мыңдаған қазақстандық жеткіншектерді осы спорт түрімен айналысуға шабыттандыратынына сенімдімін, - деді ҚР Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев.

Барлық жаңалықтар