00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Азия ойындары: Ел қоржынына қай өңірдің спортшылары қанша жүлде салды?

10.10.2023 | 07:30
44
Фото: ашық дереккөз

Осы жексенбіде 2 апта уақытқа жалғасқан Ханчжоудағы жазғы Азия ойындары мәресіне жетті. Байрақты бәсекеде Астана, Алматы, Шымкент қалаларымен қоса 15 облыстың спортшыларынан жиналған құрама ел намысын қорғады. Осы орайда Elorda info тілшісі құрлықтық бәсекеде қай өңірден барған спортшыларымыз көбірек жүлде алғанын тізбектеп, салыстырмалы сараптама жасады.  

Төрт жылда бір рет өтетін айтулы додаға осы жолы елімізден рекордтық көрсеткіш  524 спортшы өнер көрсетті. Нәтижесінде 10 алтын, 22 күміс, 48 қола бұйырып, 45 мемлекеттің арасынан 11-орынға тұрақтадық. Ал оның ішінен 129 жерлесіміз жеке және командалық жарысты қоса есептегенде Қытай жерінен жүлдемен оралыпты. 

Сонымен, қорытынды бойынша жүлде қоры жағынан Шымкент қаласы көш бастап тұр. Аталған жарысқа үшінші мегаполистен 64 спортшы аттанып, оның 27-сі (5 алтын, 13 күміс, 12 қола) түрлі жүлдемен оралған.  Оның ішінде 16 ер, 11 әйел спортшы бар. Сонымен шымкенттік жүлдегерлер мыналар; 

Сергей Емельянов (каноэ жұптық сайыс)– 1 алтын, 1 күміс

Қайсар Алпысбай, София Берульцева (каратэ) – 2 алтын

Зухра Ирназарова (нысана көздеу) 1 алтын, 1 күміс

Ольга Панарина, Зоя Кравченко (командалық стенд ату) – 1 алтын

Азия ойындарында ең жас спорт түрі саналған көркем гимнастикадан (16,6) Эльжана Таниева мен Милана Парфилова күміс және қола жүлде алды. 

Жүлдемен оралып, жерлестерін қуантқан тізімде екінші болып Алматы қаласы тұр. Азия оыйндарына оңтүстік астанадан барлығы 108 спортшы қатысып, оның арасынан 22-сі  (2 алтын, 3 күміс, 9 қола)  жарыс тұғырынан көрінген. Алматы қаласынан барып алты алаш баласына қуаныш сыйлаған спортшылар мыналар:

Тимур Хайдаров (каноэ жұптық сайыс)– 1 алтын

Эдуард Ещенко (жұптық стенд ату) – 1 алтын

Қола жүлде алған 7 ер азамат су добының құрамасына кіреді.

Алғашқы үштікті екі мегаполистен кейін Алматы облысы түйіндеп тұр. Облыстан бар-жоғы 12 спортшы құрамаға кіріп, ел қоржынына 4 медаль  (2 алтын,2 қола) салған. Арасында қос-қостан олжа салғандары да бар. 

Әсем Орынбай (cтенд ату) – 2 алтын, 1 қола

Аян Тұрсын (ушу) – 1 қола

Қалған өңірлерден барған спортшылар деңгейі төмендег тізім бойынша сәйкесінше орналасты. 

4-орын. Астана қаласы

Қатысқандар: 70

Жүлде алғандар: 

1 алтын, 3 күміс, 7 қола

(Барлығы — 16 (10 әйел, 6 ер) 

Нұржан Батырбеков (Джиу-джитсу) – 1 алтын 

Әртістік жүзуден қола жүлде алған 5 қыз елорда тұрғындары. 

5-орын. СҚО

Қатысқандар: 6

Жүлде алғандар: 

1 алтын, 1 күміс, 2 қола

(Барлығы — 3 (2 ер, 1 әйел) 

Алексей Луценко (Велоспорт) – 1 алтын, 1 күміс

6-орын. Жетісу облысы 

Қатысқандар: 36

Жүлде: 1 алтын, 1 қола

Евгений Федоров —алтын (велоспорт) 

 Джиу-джитсудан 35 жастағы Мариан Урдабаева — қола

7-орын. Ақтөбе облысы

Қатысқандар: 12

1 алтын 

Нұрқанат Әжіқанов (каратэ) – 1 алтын

8-орын. ШҚО

Қатысқандар: 27

Жүлде алғандар: 

3 күміс, 6 қола

Барлығы — 8 (4 ер, 4 әйел) 

Ескерте кетейік, шығыстан барған спортшыларымызға жүлделер байдарка мен каноэде есу, жеңіл атлетика мен семсерлесуден бұйырды. 

9-орын. Қызылорда облысы 

Қатысқандар: 23

Жүлде алғандар: 

2 күміс, 4 қола

Барлығы — 6 (4 ер, 2 әйел) 

3 қоланы дзюдодан алды. 

10-орын. Түркістан облысы 

Қатысқандар: 26

Жүлде алғандар: 

2 күміс, 2 қола 

Барлығы — 4 (3 әйел, 1 ер) 

2 күмісті байдарка мен каноэде есуден алды. 

11-орын. Қарағанды облысы

Қатысқандар: 35

Жүлде алғандар: 

1 күміс, 5 қола

Барлығы — 9 (6 әйел, 3 ер) 

5 қыз әртістік жүзуден жұптық және командалық сайыста 3-орынға ие болды. 

12-орын. Жамбыл облысы

Қатысқандар: 33

Жүлде алғандар: 

1 күміс, 3 қола 

Барлығы — 16 (12 әйел, 4 ер) 

Су добынан 3-орынға тұрақтаған әйелдер құрамасының барлық ойыншысы осы облыстан.  

13-орын. БҚО

Қатысқандар: 9

Жүлде алғандар: 

1 күміс, 2 қола

Барлығы — 3 (2 әйел, 1 ер) 

Ер спортшы су добынан құрама сапына кіреді. Өзге 2 жүлдені байдарка және каноэде есуде алды. 

14-15 орын. Атырау облысы

Қатысқандар: 11

Жүлде алғандар: 1 күміс 1 қола (2 әйел) 

Әбиба Әбужақынова (дзюдо) –  күміс

Эсмигул Куюлова (дзюдо) – қола

14-15-орын. Ақмола облысы

Қатысқандар: 15

Жүлде алғандар: 1 күміс, 1 қола (1 ер, 1 әйел) 

Карина Ибрагимова (бокс) – 1 күміс

Аян Бейсенбаев (триатлон) – 1 қола

16-орын. Павлодар облысы

Қатысқандар: 16

Жүлде алғандар: 3 қола (3 әйел) 

Александра Залюбовская (4×400 метрге жүгіру) – қола

Рината Султанова (велоспорт) – қола

Виктория Бутолина (трамплин гимнастика) –  қола

17-орын. Қостанай облысы

Қатысқандар: 11

Жүлде алғандар: 2 қола (1 ер, 1 әйел) 

Мансұр Хабибулла (джиу-джитсу) – 1 қола

Серік Алдияр (джиу-джитсу) – 1 қола

18-орын. Маңғыстау облысы 

Қатысқандар: 12

Жүлде: 1 қола (Бибісара Асаубаева — шахматтан командалық бәсеке) 

Айта кетейік, айтулы додаға Абай және Ұлытау облыстарынан бірде-бір спортшы қатысқан жоқ. 

Қанат БАЙҰЗАҚОВ

Барлық жаңалықтар