00:00
Астана -10oC
USD:
444.14
EUR:
477.05
RUB:
4.85
Іздеу

Азия чемпионаты: Осыған дейін кімдер топ жарды?

20.10.2023 | 04:30
67
Фото: Қазақстан Бокс федерациясы

23 қазан мен 3 қараша күндері Астана қаласында жастар және жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты өтеді. Осыған дейін елімізде үш рет өткен аталмыш жарыста кімдер чемпион болып еді?  Elorda info тілшісі өткенге шегініс жасап, сары құрлықтық бәсекеде көк туымызды қалықтатып, әнұранымызды шырқатқан боксшыларымызды тізіп шықты. 

2007 жылы Алматы қаласында жастар арасында бокстан Азия чемпионаты елімізде тұңғыш рет өтті. Осы жолы жеті бірдей салмақта былғары қолғап шеберлеріміз топ жарды. 

Жеңімпаздар: 

48 келі. Әнуарбек Байжанов

60 келі. Әділет Йегізеков

64 келі. Әділбек Ниязымбетов

69 келі. Ермек Серіков 

75 келі. Асқар Абдуллаев 

81 келі. Айдын Әбішов

91 келі. Нұрлан Машенов

Одан кейін жасөспірімдер арасында бокстан Азия чемпионаты 2013 жылы Шымкент қаласында өтті. Бұл жолы да жеті боксшымыз алтыннан алқа тақты. 

Жеңімпаздар: 

46 келі. Нұрсұлтан Бекболат

50 келі. Стоян Мазур

54 келі. Абылайхан Жүсіпов

57 келі. Сабыржан Әбілов

63 келі. Владислав Столбовский

66 келі. Рахат Маржықпаев

+80 келі. Дмитрий Зиско

Соңғы сары құрлықтық бәсекеде елімізде 2016 жылы Павлодарда өткен жастар арасындағы Азия чемпионаты. Керекуде өткен кездесуде әнұранымыз алты рет шырқалған болатын. 

Осы жолғы жарыста; 

49 келі. Василий Самчук

56 келі. Серік Теміржанов

64 келі. Аятолла Тәкіжанов

75 келі. Аман Қазанқапов

91 келі. Дмитрий Акцигер

+91 келіде  Нұрдаулет Ұланұлы, жастар мен жасөспірімдер арасында Азия чемпионы атанды.

Осы жолы елорадада өтетін додада жас боксшыларымыздың ішінен кімдер жеңіс тұғырына көтерілетінін уақыт көрсетеді. 

Қанат БАЙҰЗАҚОВ

Барлық жаңалықтар