00:00
Астана -10oC
USD:
441.44
EUR:
473.09
RUB:
4.75
Іздеу

Азия чемпионаты: Үш балуанымыз жартылай финалға шықты

16.04.2024 | 15:21
47
Азия чемпионаты: Үш балуанымыз жартылай финалға шықты
Фото: дереккөз

Бішкекте өтіп жатқан күрес түрлерінен Азия чемпионатында үш қазақстандық балуан жартылай финалға шықты, деп хабарлады Elorda.info

Грек-рим күресінен 60 келі салмақта сынға түсіп жатқан Ғалым Қабдунассаров ширек финалда әлем чемпионатының қола жүлдегері, Оңтүстік Корея өкілі Ким Сангакты мерзімінен бұрын жеңді. Есеп - 9:0.

Турнир барысында қазақстандық балуан үндістандық қарсыласын 9:0 есебімен ұтты. 

Сондай-ақ, Әділхан Сатаев (72 келі) пен Юсуф Мациев (97 келі) те Азия чемпионатының жартылай финалына жолдама алды.

Барлық жаңалықтар