00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Қазақ VS қазақ: әлем чемпионатындағы алғашқы дуэль

06.05.2023 | 16:00
26
Фото: Getty images

1995 жылы Берлинде өткен әлем чемпионатының ширек финалында 63,5 келідегі Болат Ниязымбетов Түркия атынан шыққан Нұрхан Сүлейманоғлымен жұдырықтасты, деп хабарлады Elorda.info.

Тартысты жекпе-жекте Түркия намысын қорғаған Нұрхан 9:4 есебімен басым түсті. 

Жартылай финалда Түркия тумасы, Германияның намысын қорғаған Октай Уркалды жеңген соң, түрік жанкүйерлері наразылық танытты. Қапталдағы төрешінің ұпай санайтын құрылғысын қиратып, әділдік талап еткен. 

Нұрхан Түркияға қалай кетті?

1992 жылы Барселонада өткен Олимпиада ойындарының жолдамасы үшін Нұрхан Ресейдің Николаев деген боксшысымен таласты. Екеуінің мүмкіндігі бірдей болды. Бірақ кімнің баратыны белгісіз еді. Сол сәтте Түркияда өткен халықаралық турнирде көзге түскені үшін, түріктер тарапынан шақырту алады. 1992 жылы Шымкентте тұратын 21 жастағы Нұрхан көп ойланбастан, әйелімен бірге Түркияға тартты. Оған дейін Қазақстан ұлттық құрамасы сапында жүрсе де, айтарлықтай жетістікке жетпеген еді. Ал Түркияда ол 4 әлем чемпионатына, 2 Олимпиада ойынына қатысты. Алғашында Түркия чемпионы болған соң, 1993 жылы Еуропа чемпионатына қатысуға мүмкіндік алды. 

1993 жыл. Түркия. 

63,5 келі. 1/16 финал. 

Нұрхан Сүлейменов — Джейсон Уильямс (Уэльс) 14:3

1/8 финал. 

Нұрхан Сүлейменов — Петер Ричардсон 8:5

1/4 финал. 

Нұрхан Сүлейменов — Нордин Моучи 10:6

1/2 финал. 

Нұрхан Сүлейменов — Армен Геворкиан (Армения) 12:3

Финал. 

Нұрхан Сүлейменов — Октай Уркал (Германия) 5:2

Бұдан кейінгі 1996, 1998, 2000 жылдары өткен Еуропа чемпионатында да 2 күміс және қола жүлде алды. 

1993 жылы Тампереде өткен әлем чемпионатында бақ сынап 2-айналымда үйіне қайтты. 

Нұрхан Сүлейменов — Вукасин Добрасинович (Югославия) 12-2.

Нұрхан Сүлейменов — Эктор Винент (Куба) 2 раундта техникалық нокаутпен жеңілді. 

1995 жылы Берлинде өткен әлем чемпионатында 63,5 келіде қатысты. 

1/16 финал. 

Нұрхан Сүлейменов — Зоран Диданович (Югославия) 8:4

1/8 финал. 

Нұрхан Сүлейменов — Бесік Вардзелашвили (Грекия) 7:2

1/4 финал. 

Нұрхан Сүлейменов — Болат Ниязымбетов 9:4

1/2 финал. 

Нұрхан Сүлейменов — Октай Уркал 10:3

Финал. 

Нұрхан Сүлейменов — Эктор Винент (Куба) 4:7

1997, 1999 жылғы әлем чемпионаттарында алғашқы айналымда сүрінді. 

Қос бірдей Олимпиадада бақ сынап, жүлдесіз қайтты. 

1996 жыл. Атланта Олимпиадасы. 

Нұрхан Сүлейменов — Абубакар Диалло (Гвинея) 21-5

Эктор Винент (Куба) 1-23

Бұл салмақта Болат Ниязымбетов Куба боксшысынан жеңіліп, қола жүледегер атанды. 

Сидней Олимпиадасындағы көрсеткіші:

 Майкл Стрэнджа (Канада) 9-3

 Сергей Быковский (Беларусь) 38-40

2000 жылы Олимпиададан кейін, үйін сатып, АҚШ-қа жол тартты. Ол жерде кәсіпқой бокске ауысып, бастапқы 14 жекпе-жегінде жеңіске жетті. Атақты, 45 жасында әлем чемпионы атанған Джордж Форманмен жаттықты. 2005 жылы Алматы төрінде Таиланд боксшысы Луктон Джейтронгты нокаутқа құлатты. Одан кейін мүлдем жолы болмай (қатарынан 6 жеңіліс), 2007 жылы спорттық мансабын аяқтаған. 

Қанат Байұзақов

Барлық жаңалықтар