00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Қазақстандық теннисшілер Индиан-Уэллс турнирін жеңіспен бастады

07.03.2024 | 08:05
51
Фото: дереккөз

Бірінші партияда Шевченко 6:3 есебімен басымдық танытса, екіншісінде есе жіберді – 1:6. Дегенмен шешуші, үшінші сетте тай-брейкте жеңісті жұлып алды – 7:6 (7:3).

Александр Шевченко екінші айналымда әлемнің 22-ракеткасы, аргентиналық Франсиско Черундоломен шеберлік байқасады.

Әйелдер арасында Индиан-Уэллс WTA 1000 додасында әлемнің 79-ракеткасы Юлия Путинцева да сәтті ойнай алды. Ол рейтингіде 76-орындағы тағы бір германиялық Тамара Корпачты екі сетте жеңді – 6:2, 6:3. 

Юлия Путинцеваның келесі қарсыласы – әлемнің 16-ракеткасы, ресейлік Екатерина Александрова.

Барлық жаңалықтар