00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

Қазақстандық теннисшілер Албаниядағы жарыстың жеңімпазы атанды

25.04.2023 | 09:30
30
Фото: ktf.kz

Қазақстандық жас теннисшілер Албанияда 14 жасқа дейінгілер арасында үшінші санаттағы Tennis Europe жарысының жеңімпазы атанды, деп хабарлады Elorda.info.

Бір апта бұрын өткен осындай турнирдегідей, Кристина Крученко абсолютті чемпион болды.

Крученко жекелей сында финалда италиялық Дилетта Д'Амачионы 2:6, 6:4, 6:1 есебімен тізе бүктірді. Ал жұптық сында Линара Бөлешевамен бірге доданың бірінші ракеткалары, италиялықтар Людовика Газалино – Дилетта Д'Амачиодан басым түсті – 6:3, 3:6, 13:11.

Испанияның Палманова қаласында 12 жасқа дейінгілер арасында екінші санаттағы Тennis Еurope турнирінде Әмина Нұрмахан финалға дейін жетті.

Ол соңғы бәсекеде ғана бірінші ракетка, нидерландылық Пиппе Фенниске есе жіберді – 6:7, 5:7.

Өзбекстанның Учкун қаласында 18 жасқа дейінгілер арасында ITF World Juniors Tour жарысы аяқталды. Мұнда жұптық сында бас жүлде үшін қазақстандықтар таласты.

Анастасия Крымкова мен Сәтима Төреген Іңкәр Дүйсебай – Әдемі Аманкелдіден 0:6, 6:1, 10:7 есебімен айласын асырып, чемпион атанды.

Барлық жаңалықтар