00:00
Астана -10oC
USD:
444.14
EUR:
477.05
RUB:
4.85
Іздеу

Қазақстандық спортшылар паражүзуден әлем кубогында жүлдегер атанды

15.05.2023 | 19:00
66
Фото: дереккөз

Германияда паражүзуден әлем кубогының сериясы өз мәресіне жетті, деп хабарлады Elorda.info

Жарыста қазақстандық спортшылар жеңіс тұғырынан көрінді. Қазақстандық спортшылар 4х100 метрге комплексті жүзу эстафетасында 5:34,36 секунд уақытты көрсетіп, күміс жүлдені еншілесе,  4х50 метрге аралас эстафетада 2:36,39 секунд нәтижесімен қола жүлдегер атанды. 

Эстафеталық қашықтықтарда жерлестеріміз Алина Синельникова, Нұралі Советханов, Сиязбек Далиев, Әмір Мұратбеков және Алина Дубинина өнер көрсетті. 

WhatsApp Image 2023-05-15 at 01.30.17.jpeg

Жарыста қазақстандық Сергей Кинах 200 м брасста және Алина Дубинина 50 м брасста Азия рекордын жаңартты. 

Айта кетсек, паражүзуден әлем кубогының сериясы Берлин қаласында өтті. Жарысқа 50 мемлекеттен 400-ден астам спортшы қатысты.

Барлық жаңалықтар