00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Қазақстан құрамасы Париж-2024 ойындарына жолдама ұтып алды

06.07.2023 | 18:34
37
Фото: дереккөз

Бүгін параволейболдан Қазақстан ерлер құрамасы Азия чемпионатының жартылай финалында Қытай құрамасын 3:2 есебімен жеңіп, Парижде өтетін Паралимпиада ойындарының жолдамасына ие болды, деп хабарлады Elorda.info

Финалдық кездесу 8 шілдеде сағат 16.30-да Иран командасымен «Жекпе-жек» спорт сарайында өтеді. 

Параволейболдан Иран құрамасы өткен жылы әлем чемпионатында жеңіске жетіп, Парижде өтетін Паралимпиада ойындарына жолдама алған болатын. Сол себепті Қазақстан спортшылары Азия чемпионатының финалисті ретінде автоматты түрде келесі жылғы Паралимпиада ойындарының лицензиясына қол жеткізіп отыр, - деді Қазақстан параволейбол федерациясының бас хатшысы Батыр Қадырбайұлы. 

f1ff172f-3cd3-47f2-9472-3f51a0f4af27.jpg

94061689-091e-4074-8dc4-1395629462d4.jpg

Айта кетсек, соңғы рет параволейболдан Қазақстан құрамасы 1996 жылы Атлантада өткен Паралимпиада ойындарына қатысқан болатын. Биыл параволейболдан Азия чемпионаты алғаш рет Астанада өтіп жатыр. Байрақты бәсекеде Азия континентінің үздік 7 ерлер командаcы қатысуда.

Барлық жаңалықтар