00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Қазақстан құрамасы Дэвис кубогінде Аргентинамен кездеседі

27.11.2023 | 12:00
43
Фото: ktf.kz

Теннистен Дэвис кубогінің 2024 жылғы іріктеу кезеңіндегі Қазақстан құрамасының қарсыласы анықталды, деп хабарлады Elorda.info.

Юрий Щукиннің шәкірттері сырт алаңда Аргентина құрамасымен кездеседі.

Матч 2024 жылы 2-3 немесе 3-4 ақпанда өтеді.

Қазақстан мен Аргентина осыған дейін өзара екі рет ойнаған. 2011 жылы ¼ финалда қазақстандықтар Буэнос-Айресте 0:5 есебімен есе жіберді. Ал 2017 жылы Астанада плей-оффқа іріктеу сатысында Қазақстан 3:2 есебімен ұтты.

Әлемдік рейтингіде Қазақстан – 13, Аргентина 19-орында тұр.

Барлық жаңалықтар