00:00
Астана -10oC
USD:
442.05
EUR:
474.14
RUB:
4.74
Іздеу

Қазақстан футбол құрамасы ең үздіктердің қатарына кірді

30.06.2023 | 11:00
51
Фото: kff.kz

Футболдан FIFA-ның жаңартылған рейтингісінде Қазақстан 8 саты жоғарылап, 104-ші орынға (алдыңғы сәуірдегі рейтингте 112-орын) тұрақтады, деп хабарлады Elorda.info.

Бұған себеп, Қазақстан құрамасы Сан-Марино (FIFA рейтингісінде 211-орын) мен Солтүстік Ирландияны жеңуі (FIFA рейтингісінде 64-орын) әсер етті. 

ЕУРО-2024 турнирінің іріктеу турнирі аясында сәтті өнер көрсеткен отандастарымыз FIFA тарапынан 21,19 балл алып, осы рейтингте ең көп балл алған құрама қатарында 2-орын алды

1-орын. Армения — 28,52 ұпай (35-орындағы Уэльс пен Латвиядан басым түсті) 

2. Қазақстан — 21,19 ұпай

3. Испания — 20,60 ұпай

Қазақстан FIFA рейтингісіне қашан енген? 

FIFA-ның мұрағатына көз салсақ, Қазақстан рейтингте ең алғаш 1994 жылдың 22 қарашасында пайда болған. 

1994 жыл 22 қараша — 153-орын (176 елдің ішінде) 

Ол жылы Қазақстан 4 жолдастық ойын өткізген. 

Қазақстан — Тәжікстан 1:0

Қазақстан — Қырғызстан 0:0

Қазақстан — Түркіменстан 0:0

Қазақстан — Өзбекстан 0:1

1995 жыл — 163-орын

1996 жыл — 156-орын

1997 жыл — 107-орын

Неге 1997 жылы рекордтық орынға көтерілді? 

Себебі, Серік Бердалин жаттықтырған тұста Қазақстан құрамасы 1998 жылы өткен әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Иракты (ФИФА рейтингісінде 68-орын) 2 рет жеңіп, Азияның ең мықтысы Жапония (ФИФА рейтингісінде 14-орын) мен Оңтүстік Кореямен (ФИФА рейтингісінде 27-орын) тең ойнады. 

1998 жыл — 102-орын 

1999 жыл —  123-орын (бірде-бір ойын өткізбеді) 

2000 жыл — 120-орын

2001 жыл — 98-орын (ӘЧ-на іріктеу аясында 4 жеңіс, 2 тең ойын рейтингті жоғарылатты) 

2002 жыл —  117-орын (Жолдастық ойында Эстониямен тең ойнап, Латвиядан жеңілдік) 

2003 жыл — 136-орын (5 жолдастық ойында тек Мальтамен тең түсе алдық) 

2004 жыл — 147-орын (8 ойында 1 рет қана Армениямен тең түстік) 

2005 жыл — 137-орын  (ӘЧ-ның іріктеу аясында алғаш рет Грузиямен тең түстік) 

2006 жыл — 135-орын 

2007 жыл —  112-орын

2007 жылы ФИФА рейтингінде 28-орындағы Сербияны 2:1 есебімен жеңдік. 

2008 жыл — 137-орын

2009 жыл — 125-орын

2010 жыл — 138-орын

2011 жыл — 138-орын

2012 жыл — 142-орын

2013 жыл — 128-орын

2014 жыл — 139-орын

2015 жыл — 132-орын

2016 жыл — 98-орын (2016 жылы Талғат Байсуфиновтың шәкірттері ФИФА рейтингісінде 15-орындағы Польшамен 2:2 есебімен тең түсіп, рекордты 83-орынға көтерілді. Бірақ жылды 98-орында аяқтады) 

2017 жыл — 137-орын

2018 жыл —  119-орын

2019 жыл —  118-орын

2020 жыл — 118-орын

2021 жыл — 122-орын

2022 жыл — 115-орын

2023 жыл — әзірге 104-орын.

Қанат БАЙҰЗАҚОВ

Барлық жаңалықтар