00:00
Астана -10oC
USD:
444.14
EUR:
477.05
RUB:
4.85
Іздеу

Қазақ боксшылары әлем чемпионатында төрт алтын медаль жеңіп алды

05.12.2023 | 11:00
44

Армения астанасы Ереванда бокстан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты аяқталды, деп хабарлады Elorda.info

Қазақстан командасы 4 алтын, 6 қола медаль жеңіп алды.

Әлем біріншілігіне 51 мемлекеттен 357 спортшы қатысты. Жалпы турнир барысында боксшылар 26 салмақта жеңімпазды анықтады.

Қыздар арасында 54 келіде Аяжан Сыдық үндістандық боксшы Амиш Керкеттаны 5:0 есебімен айқын басымдықпен жеңіп, чемпион атанды. ️60 келі салмақта сынға түскен Толғанай Қасымхан ресейлік Кира Леонованы 3:2 есебімен жеңіп, алтын жүлдеге ие болды.

Чемпиондардың қатарын ️66 келі салмақта Айсұлу Мұхит толықтырды. Ол финалдық жекпе-жекте румыниялық боксшы Амалиа Тугуйдан 3:2 есебімен басым түсті.

Сондай-ақ, қыздар арасында 48 келіде Сила Биболсынқызы, 50 келіде Гаухар Зарден, 52 келіде Айша Сариева, 63 келіде Алина Кудайгенова және 80 келі салмақта Құралай Егінбайқызы әлем чемпионатының қола жүлдегерлері атанды. 54 келі салмақта сынға түскен Нұрасыл Төлебек финалда үндістандық Жатин Жатинді 4:1 есебімен жеңіп, ерлер арасында әлем чемпионы атанды.

Осылайша, Қазақстан командасы 4 алтын, 6 қола медаль жеңіп алып, жалпы есепте Ресей, Армения және Өзбекстаннан кейін төртінші орынға тұрақтады. 

Барлық жаңалықтар