00:00
Астана -10oC
USD:
442.05
EUR:
474.14
RUB:
4.74
Іздеу

Астаналық шорт-трекшілер ел чемпионатында жеңіске жетті

01.04.2024 | 17:32
Елорда ақпарат
33
Астаналық шорт-трекшілер ел чемпионатында жеңіске жетті
Фото: дереккөз

Елордалық «Алау» мұз айдыны сарайында шорт-тректен Қазақстан чемпионаты аяқталды. Онда Астана спортшылары жеңіске жетті. Ерлер арасындағы көпсайыста Әділ Ғалиахметов (75 ұпай) чемпион атанды, әйелдер арасында Малика Ермек (102 ұпай) үздік болды, деп хабарлады Elorda.info.

Әділ Ғалиахметов 1 500 метрлік және 5 000 метрлік эстафетаны жеңіп алды. 500 метрге жүгіруде 7, ал 1 000 метр қашықтықта 5-орын алды. Жалпы есепте күміс медаль Нұртілек Қажығалиға (БҚО), қола Богдан Веховқа (Астана қаласы) бұйырды.

Малика Ермек 500, 1 000 және 1 500 метрлік жарыстарда жеңіске жетті. Осылайша, елордалық спортшы жалпы есепте үздік атанды. Күміс медальді Нұрия Алпысбай (Астана қаласы), үштікті Яна Хан (Ақмола облысы) жеңіп алды.

Әйелдер эстафетасында (3 000 м) Қостанай облысы жеңіске жетті, қалған екі тұғырға Астана мен БҚО командалары көтерілді.

Ерлер арасындағы эстафетада (5 000 м) Астана құрамасы, екінші орында Қостанай, үшінші орында Қарағанды облыстары алтын алды.

Аралас эстафетада (2 000 м) елордалық шорт-трекшілер ең жақсы өнер көрсетті. Екінші орынды Ақмола облысының командасы иеленді, БҚО командасы үздік үштікті түйіндеді.

Айта кетейік, Қазақстан чемпионатына 9 өңірден барлығы 81 спортшы қатысты.

Барлық жаңалықтар