00:00
Астана -10oC
USD:
442.05
EUR:
474.14
RUB:
4.74
Іздеу

Астаналық параспортшылар халықаралық турнирде бақ сынайды

16.04.2024 | 17:18
46
Астаналық параспортшылар халықаралық турнирде бақ сынайды
Фото: дереккөз

Алматыда 21 сәуірде Virtus World Half Marathon & 10K Road Race Championships 2024 әлем чемпионаты өтеді. Жарыс жыл сайынғы Almaty Half MARATHON бағдарламасына кіреді, деп хабарлады Elorda.info.

Қазақстан, Португалия, Болгария, Жапония, Польша, Қытай, Испания, және Швеция сияқты 8 елден параспортшылар жарысқа қатысады.

Қазақстан атынан өнер көрсететін алты параспортшының бесеуі – астаналық. Атап айтқанда, олар – Әмір Алпамыс, Дастан Ордабай, Ерейн Хасенов, Алдияр Асқаров және Азамат Әшірбай.

Олар ii1 (жеңіл психикалық даму) және ii3 санаттарында өнер көрсетеді. Бүгінде елордалық паралимпиадашылар жарысқа белсенді дайындалуда.

Айта кетейік, 2023 жылы VI Дүниежүзілік VIRTUS ойындарында елордалық екі параспортшы Дастан Ордабай мен Әмір Алпамыс жеңіс тұғырына шықты. Дастан Ордабай велоспортта жарысып, 4 қашықтықты бағындырды. Ол төрт күміс медаль жеңіп алды. Сонымен қатар, тағы бір елордалық Әмір Алпамыс жүзуден сынға түскен болатын.

Барлық жаңалықтар