00:00
Астана -10oC
USD:
442.05
EUR:
474.14
RUB:
4.74
Іздеу

Астаналық студент халықаралық турнирде топ жарды

20.07.2023 | 11:30
38

Еуразия ұлттық университетінің студенті Еркежан Ерланова Біріккен Араб Әмірліктерінде джиу-джитсудан өткен халықаралық UAE National PRO 2023 турнирінде чемпион атанды, деп хабарлады Elorda.info

Еркежанның салмақ дәрежесінде Колумбия, Грекия, БАӘ, Сауд Арабиясы, Морокко елдерінің спортшылары өнер көрсетті.

Алғашқы кезеңде 32 жастағы Колумбия спортшысымен кездестім. Бес минут күресіп, 21:0 есебімен жеңіске жеттім. Ал екінші кездесуде Морокко елінің спортшысымен жекпе-жекке шықтым. Мұнда қылқындыру әдісін жүзеге асырдым. Финалдық белдесуде Camila Quintana деген спортшымен күрестім. Бойының ұзын болғаны маған біраз келеңсіздік тудырғанымен, 2 минут ішінде 8:0 есебімен кездесуді аяқтадым, - деп Еркежан өзінің әсерімен бөлісті. 

Барлық жаңалықтар