00:00
Астана -10oC
USD:
444.14
EUR:
477.05
RUB:
4.85
Іздеу

Астаналық спортшылар Азия ойындарының финалына шықты

26.09.2023 | 11:30
41
Фото: дереккөз

Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан спорттық гимнастикадан Азия ойындарында астаналық спортшылар финалға шықты, деп хабарлады Elorda.info қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Азиадада Аида Бауыржанова мен Әмина Халимарден көпсайыстың шешуші сынына жолдама алды. 

А.Бауыржанова іріктеу кезеңінде 48.665 ұпай алса, Ә.Халимарден 44.499 ұпай олжалап, XIX жазғы Азия ойындарының финалына шықты.

Айта кетейік, Қытайдағы құрлықтық доданың әйелдер арасындағы көпсайыстың шешуші кезеңі 27 қыркүйек күні өтеді.

Барлық жаңалықтар