00:00
Астана -10oC
USD:
444.14
EUR:
477.05
RUB:
4.85
Іздеу

Астанада жасөспірімдер арасында марафон өтті

23.09.2023 | 11:12
41
Фото: автордан

Астана қаласының «Триатлон» саябағында мектеп оқушыларының арасында жүгіру сайысы өтті, деп хабарлайды Elorda info 

«Жас Сарбаз жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Астана қалалық филиалы, «Жас Сарбаз-патриоттар мекені» жобасы аясында, Астана қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасының  қолдауымен, елордамыздың жасөспірімдері арасында жеңіл атлетика марафонын ұйымдастырды.

марафон жасөс 1.jpg

Елордамызда әскери және қала мектептері арасындағы оқушылардың жүгіру сайысы жыл сайын күз мезгілінде өткізу дәстүрге айналған. Үнемі Триатлон саябағын таңдаймыз. Өйткені бұл жерде тыныш әрі ешкімге кедергі келтірмейсің. Жарысқа қатысу ақысыз. Сондықтан кез-келген оқушы қатыса алады. Биыл 250—дей оқушы бағын сынады. Жасөспірімдердің мүмкіндіктерін әрі физикалық жағдайын ескере келе, 4 және 2 шақырым қашықтық категориясын таңдадық. Жүгіру спорты,  Астана қаласында белсенді түрде дамып келеді. Сондықтан жеткіншектерді де салауатты өмір салтын ұстануға басымдық береміз, -  деді, жарыс ұйымдастырушысы Асхат Налшыбек. 

Жарыс ұлдар 4 шақырым, қыздар 2 шақырымдық қашықтық бойынша мықтыны анықтады. 

Ұлдар арасында 4 шақырымдық жарыс нәтижесі:

1-орын — 92 мектеп командасы

2-орын — 70 мектеп командасы

3-орын — 70 мектеп командасы

Қыздар арасында 2 шақырымдық жүгіруден жүлдегерлер:

1-орын — 18 мектеп командасы

2-орын — 92 мектеп командасы

3-орын — 65 мектеп командасы

Алғашқы әскери дайындық ұстаздары арасында 4 шақырымдық жарыс жеңімпаздары:

1-орын — 16 мектеп 

2-орын — 92 мектеп

3-орын — 48 мектеп

Жүгіру жарысы мен үшін қиын өтті. Күнделікті 2-3 шақырым жүгіруді әдетке айналдырған едім. Тіпті қаламыздағы марафон сайыстарында 21,1 шақырымды еңсерген тәжірибем бар. Бірақ жарыстың атмосферасы бөлек екен. Алғашқы айналымда барынша күш сақтап, 6-орында келе жаттым. Шешуші сәтте қарқынымды арттырдым. Бастапқыда сырттай қарсыластарымның мүмкіндіктерін бағамдап, 3 әлде 4-орынға табан тіреймін-ау деп ойладым. Бірақ бір ғана адамды жіберіп, күміс жүлдеге қол создым. Сондықтан бұл көрсеткішке көңілім толады, - дейді жарысқа қатысып жеңімпаз атанған Мадияр есімді жасөспірім. 

Жүзден жүйрік келген желаяқ жеңімпаздар «Жас Сарбаз қозғалысының» арнайы атрибутикалары және алғыс хаттармен марапатталды.

Қанат БАЙҰЗАҚОВ

Барлық жаңалықтар