00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

Астанада Жақсылық Үшкемпіровті еске алуға арналған турнир өтеді

02.11.2023 | 04:30
58
Фото: gov.kz

Астанада 3-4 қараша күндері балалар мен жасөспірімдер арасында еркін күрестен Жақсылық Үшкемпіровті еске алуға арналған республикалық турнир өтеді, деп хабарлады Elorda.info.

Жарыс 2012-2014 жылдары туған балалар мен 2009-2011 жылдары туған кіші жасөспірімдер арасында өтеді.

Турнир Қазақстанда еркін күресті дамыту және танымал ету, спорт шеберлігін арттыру және облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардың мықты спортшыларын анықтау мақсатында өткізіледі.

Жарыстың ресми ашылу рәсімі 4 қарашада сағат 12:00-де Ж.Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында өтеді.

Іс-шара Туризм және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері бойынша комитеті, грек-рим, еркін және әйелдер күрес федерациясы мен Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен өткізіледі.

Барлық жаңалықтар