00:00
Астана -10oC
USD:
441.44
EUR:
473.09
RUB:
4.75
Іздеу

Астанада жастар арасында Азия чемпионаты өтеді

16.04.2024 | 09:53
50
Астанада жастар арасында Азия чемпионаты өтеді
Фото: olympic.kz

25 сәуір мен 8 мамыр аралығында елордада бокстан жастар арасында Азия чемпионаты ASBC және U-22 өтеді, деп хабарлады Elorda.info.

Құрлықтық біріншілікке Азияның 25 елінен 500-ге жуық жас спортшы қатысады. Жекпе-жек олимпиадалық жүйе бойынша Beeline Arena стадионында екі жас санатында өтеді.

U-22 (2002-2005 ж. т.):

Ерлер: – 46-48 кг, 51 кг, 54 кг, 57 кг, 60 кг. 63,5 кг, 67 кг, 71 кг, 75 кг, 80 кг, 86 кг, 92 кг, +92 кг.

Әйелдер: - 45-48 кг, 50 кг, 52 кг, 54 кг, 57 кг, 60 кг, 63 кг, 66 кг, 70 кг, 75 кг, 81 кг, +81 кг.

Жастар (2006-2007 ж. т.):

Ерлер: – 46-48 кг, 51 кг, 54 кг, 57 кг, 60 кг, 63,5 кг, 67 кг, 71 кг, 75 кг, 80 кг, 86 кг, 92 кг, +92 кг.

Әйелдер: - 46-48 кг, 50 кг, 52 кг, 54 кг, 57 кг, 60 кг, 63 кг, 66 кг, 70 кг, 75 кг, 81 кг, +81 кг.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер 7-8 мамырда анықталады. Көрермендер үшін кіру тегін.

QAZSPORT телеарнасы жекпе-жекті тікелей эфирде көрсетеді деп күтілуде. Барлық жекпе-жектер Қазақстан бокс федерациясының YouTube-арнасында көрсетіледі.

Айта кетейік, өткен жылы Астанада алғаш рет ұлдар мен жастар арасында құрлықтық біріншілік өтті.

Азия чемпионаты Туризм және спорт министрлігінің, Қазақстан бокс федерациясының, спортты дамыту дирекциясының және Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен өтеді.

Барлық жаңалықтар