00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Астанада триатлоннан қысқы жарыс өтеді

13.02.2024 | 02:51
55
Фото: дереккөз

Qysqy triatlon – жыл сайын өтетін қалалық спорттық іс-шара, оған қала тұрғындары мен қонақтары, әуесқойлар да, кәсіби спортшылар да қатыса алады.

18 ақпанда Астана қаласының триатлон федерациясы Qysqy triatlon әуесқой жарысына қатысуға шақырады. Жарыс Триатлон саябағының аумағында өткізіледі. Оған үш кезең кіреді: 2,5 км жүгіру кезеңі, 3 км велосипед кезеңі, 2,5 км шаңғы кезеңі, - деді Е.Корбозов.

d8a83fa51b417a10b68360fb288fa62a_1280x720.jpg

Қатысушылар astanatriathlon.kz сайты арқылы тіркеледі. Егер тілек білдірушілер саны лимитке жетсе, оны алдын ала жабуға болады. Жарыс туралы барлық ақпарат Астана Триатлон федерациясының әлеуметтік желідегі парақшаларында жарияланған: @astana_triathlon

Жарыс қала әкімдігінің, Астана қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасының, Спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясының қолдауымен өткізіледі.

Қалалық саябақ аумағында орналасқан шаңғы-ролл трассасында әскери қызметшілер, мемлекеттік қызметшілер, денсаулық сақтау, білім беру қызметкерлері, ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері, студенттер және т.б. арасында тұрақты негізде қалалық спартакиадалар өткізіледі. Оның ішінде 14 ақпанда елордадағы шаңғы трассасында Қорғаныс министрлігі орталық аппаратының құрылымдық бөлімшелері мен бас басқармалары, Қарулы Күштердің Бас штабы арасында шаңғы жарысы бойынша чемпионат өтеді, - деді ол.

Сондай-ақ, 17 ақпанда ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті департаментінің қызметкерлері арасында шаңғы жарысы өтеді.

Барлық жаңалықтар