00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Астанада үстел теннисінен халықаралық турнир өтеді

01.03.2024 | 04:43
40
фото: www.gov.kz

Халықаралық турнир тірек-қимыл аппараты зақымданған, сондай-ақ зияткерлік кемістігі бар спортшылар арасында өткізіледі.

Турнирге 19 елден 150-ге жуық спортшы қатысады деп жоспарланып отыр.

Жарыста Астанадан Сәуле Айдарханова, Балзия Таш, Александра Степанова, Алтынай Ержанқызы, Гүлмира Қайдасова, Райымбек Жақыпбек, спорт шеберіне кандидат Жанна Алиева, Ринат Гильфанов және Денис Никитин қатысады.

ITTF Fa20 Astana Para Open 2024 – халықаралық рейтингте орын алу үшін, сондай-ақ спортшылар үшін халықаралық классификация алу үшін таптырмайтын мүмкіндік. Үстел теннисінде мүгедектік тобына байланысты спортшыларға халықаралық дәреже беріледі. Халықаралық класқа ие бола отырып, спортшы осы класта халықаралық жарыстарда өнер көрсете алады. Мысалы, арбадағы спортшыларға 1-5 класс, тірек-қимыл аппараты зақымданған спортшыларға 6-10 класс, зияткерлік мүмкіндіктері зақымданған спортшыларға 11 класс беріледі (оның ішінде басқа санаттарға бөлінеді). Бұл турнирге біздің спортшылар алты ай бойы дайындалды. Біз күнделікті жаттығуға 3 сағат уақыт бөлеміз, сонымен қатар жалпы дене шынықтыруға ерекше назар аударамыз. Жаттығу кезінде әр спортшыға жеке ойын әдісі мен техникасы жасалады. Біздің елімізде де халықаралық жарыстар өтіп жатқанына өте қуаныштымын. Спортшыларымыз жақсы нәтижелерге қол жеткізетініне сенімдімін, – деді Астананың үстел теннисінен аға жаттықтырушы Геннадий Герасименко.

Турнир ADD Table Tennis Center Astana үстел теннисі орталығында (Қабанбай батыр даңғылы, 47/1 мекенжайында) өтеді. Кіру тегін.

Барлық жаңалықтар