00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Астанада күрестен Борис Керімбаевты еске алуға арналған жарыс басталды

20.02.2024 | 11:13
50
Фото: Оңалхан Өнерхан

«Аспан» спорт кешенінде 2007-2008 жылы туған жасөспірімдер арасында алғаш рет республикалық бәсеке ұйымдастырылып жатыр. 

5e7387f8-2140-458d-83ac-b04a84e40375.jpg

2024 жылдың алғашқы ірі додасына еліміздің 12 облысынан 250-ге жуық балуан сынға түсіп жатыр. Атап айтсақ: Абай, Ақмола, Атырау, Жамбыл, Жетісу, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар, СҚО, ШҚО және Алматы мен Астана қаласы. 

Сіздер үшін осындай турнирлер тәжірибе жинауға керемет мүмкіндік болмақ. Бұйырса, сіздер алдағы уақытта  ересектер арасында өтетін республикалық жарыстарда бақ сынайтын боласыздар.   

Ауған соғысының ардагері Борис Керімбаев секілді сіздер де елдеріңіздің патриоты болып, елін қорғайтын батыр азамат болатындарыңызға сенемін.

Осы сәтті пайдалана отырып, 2024 жылы Париж Олимпиадасында жүлдеге таласатын жерлестерімізге жеңіс тілеймін, - деді жарыстың ашылу салтанатына арнайы келген ҚР грек-рим, еркін, әйелдер күрес федерациясының президенті Дәулет Тұрлыханов. 

5fa996ec-bd41-4afa-ae4a-980362189107.jpg

Ұйымдастырушылардың айтуынша, осы турнир алдағы уақытта дәстүрлі түрде өтіп, жыл күнтізбесіне кіргізілетін болады. 

Боз кілем шеберлерінің өнерін тамашалауға грек-рим күресінен әлем чемпионатының 5 мәрте жүлдегері, Қазақстан жасөспірімдер командасының аға жаттықтырушысы Алмат Кебіспаев та келді. 

Жас балуандар үшін жарыстардың көп болғаны өте жақсы. Себебі, қарапайым жаттығуға қарағанда турнирлерде спортшылардың әлеуеттері ашылады. 

Кейінгі жылдары Ақтөбе, Жамбыл облыстары, Астана қаласы балуандарының шеберліктері өскені көзге байқалады. Бұйырса осы жердегі жасөспірімдер алдағы айда өтетін ересектердің чемпионатында сәтті өнер көрсетеді деп сенемін, - деді А.Кебіспаев. 

Айта кетейік, жарыста 45, 48, 51, 55, 60, 65, 71, 80, 92, 110 келі салмақ бойынша жеңімпаздар анықталады.

Қанат БАЙҰЗАҚОВ

Барлық жаңалықтар