00:00
Астана -10oC
USD:
442.05
EUR:
474.14
RUB:
4.74
Іздеу

Астанада бокстан жастар мен жасөспірімдер арасында Азия чемпионаты өтеді

11.04.2024 | 12:27
43
Астанада бокстан жастар мен жасөспірімдер арасында Азия чемпионаты өтеді
Фото: дереккөз

Астанада бокстан жастар мен U-22 жасқа дейінгі спортшылар арасында Азия чемпионаты өтеді. «Beeline Arena» спорт кешенінде өтетін құрлықтық дода 25 сәуірде басталып, 8 мамырға дейін жалғасады, деп хабарлады Elorda.info.

Құрлықтық додаға Азияның 25 мемлекетінен 500-ден астам боксшы қатыспақ. Екі жас аралығында жігіттер және қыздар арасында өтетін бәсеке олимпиадалық жүйе бойынша ұйымдастырылады. 

U-22 (2002-2005 ж.т. аралығы):

Жігіттер: – 46-48 келі, 51 келі, 54 келі, 57 келі, 60 келі. 63,5 келі, 67 келі, 71 келі, 75 келі, 80 келі, 86 келі, 92 келі, +92 келі.

Қыздар: – 45-48 келі, 50 келі, 52 келі, 54 келі, 57 келі, 60 келі, 63 келі, 66 келі, 70 келі, 75 келі, 81 келі, +81 келі.

Жастар (2006-2007 ж.т. аралығы):

Жігіттер: – 46-48 келі, 51 келі, 54 келі, 57 келі, 60 келі, 63,5 келі, 67 келі, 71 келі, 75 келі, 80 келі, 86 келі, 92 келі, +92 келі.

Қыздар– 46-48 келі, 50 келі, 52 келі, 54 келі, 57 келі, 60 келі, 63 келі, 66 келі, 70 келі, 75 келі, 81 келі, +81 келі.

Жекпе-жектерді QAZSPORT телеарнасы көрсетеді деп күтілуде. Сондай-ақ, Қазақстан бокс федерациясының Youtube арнасында да тікелей көрсетілім ұйымдастырылады. Ал финалдық айқастар 7-8 мамырға жоспарланған.

Көрермен үшін кіру тегін.

Айта кетейік, Қазақстан бокс федерациясы бұған дейін де жасөспірімдер мен жастар арасында құрлықтық чемпионаттарды ұйымдастырған. 2007 жылы Алматыда жастар арасындағы Азия чемпионаты өткен.

Барлық жаңалықтар