00:00
Астана -10oC
USD:
441.44
EUR:
473.09
RUB:
4.75
Іздеу

Астанада Қазақстан футболының музейі ашылды

06.11.2023 | 13:00
25
Фото: Михаил Шаповалов

Қазақстан футболының 110 жылдығына орай, сондай-ақ отандық футболды насихаттау мақсатында Астана қаласында Қазақстан футболының музейі ашылды, деп хабарлады Elorda.info

Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділет Барменқұловтың бастамасымен ашылған музейде Қазақстан футболының тарихи кезеңдері көрсетілген. Есімі аңызға айналған футболшылардың жетістіктері мен спорттық мансабындағы маңызды сәттері бейнеленген жәдігерлер де осында сақталған. Музейдің салтанатты ашылу рәсіміне Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Магомед Адиев және ұлттық құрама ойыншылары Бауыржан Исламхан мен Ян Вороговский қатысты. Сондай-ақ «Астана» футбол орталығының шәкірттері мен Қазақ футболының ардагерлері бас қосты. 

Осыған орай Қазақстан футбол федерациясына ФИФА және УЕФА-дан құттықтау хаттары келіп түскен екен. 

Бірнеше ай бұрын мен сіздердің әдемі елдеріңізге барып, Қазақстанда футболға деген керемет құштарлық пен сүйіспеншілікті өз көзіммен көру мүмкіндігіне ие болдым. Музей елдегі футболдың 110 жылдық тарихына, істерге, тұлғаларға, сондай-ақ спортымызды дамытып жатқан барлық адамдарға құрмет көрсетуге өз үлесін қосатыны сөзсіз, - деді ФИФА президенті Джанни Инфантино.

 Айта кетейік, музейге кез келген адам Қазақстан футболының тарихына қатысты жәдігерлерді тапсыруына болады. Музей жұмыс күндері сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін істейді. Музейге кіру үшін алдын-ала өтініш қалдыру қажет. 

Барлық жаңалықтар